Түркістан облысында «15 қыз зорланған»: полиция мәлімдеме жасады
Түркістан облысының Полиция департаменті басшысы өңірде кәмелетке толмаған 15 қыз жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырады деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Әлеуметтік желілерде Түркістан облысында ер адам тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалардың саны 15-ке жеткені туралы шындыққа жанаспайтын жарияланым бойынша түсіндіремін. Түркістан облысы Полиция департаментіне 2023 жылы 19 қазанның дәл осы уақытына дейін 3 азамат арызданған. Ешқандай 15 дерек немесе 15 арыз, 15 жәбірленуші деген жоқ. Сонымен қатар, басқа да жәбірленушілерді анықтау мақсатында жедел-тергеу іс-шараларын жалғастырып жатырмыз. Осыған байланысты Түркістан облысының Полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР ҚК-нің 274-бабымен жауапкершілікке тарту қарастырылғаны туралы ескертеді. Сіздерден тек ресми дереккөздерге сену мен сүйенуді сұраймын «, – деді Түркістан облысы ПД бастығы Мұрат Қабденов.