BasNewsЖаңалықтар
«Ордабасы» құрамасы Қазақстан чемпионы атанды
Футболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 25-турында «Ордабасы» «Шахтерді» жеңіп, өз тарихында алғаш рет чемпион атанды, деп хабарлайды basnews.kz.
Биылғы біріншіліктің чемпиондық тағдыры «Ордабасы» (Шымкент) мен «Шахтёрдің» (Қарағанды) кездесуінде шешілді. Бұл ойында шымкенттік клуб кем дегенде тең түссе, бір тур бұрын чемпион атанатын еді.
Алғашқы минуттан шымкенттік клуб ойынды белсенді бастады. Нәтижесінде Айбар Жақсылықов – 4, Шахбоз Умаро – 12, Артем Беседин 27-минутта үш гол соғып үлгерді.
Оған «Шахтёр» сапынан Темур Чогадзе 47-минутта бір голмен жауап қайырды.
Осылайша, «Ордабасы» қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсіп, өз тарихында тұңғыш мәрте чемпион болды.