BasNewsЖаңалықтар
Оралда дәмханада болған өрттен бес адам зардап шекті
Өрт 21 қазан күні сағат 22:00 шамасында Зачаганск кентіндегі Мөңкеұлы көшесіндегі «Арбат» банкет залында болды, деп хабарлайды basnews.kz.
Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі «Мой город» порталына мекеменің асханасында жабдықтар мен бензин генераторы өртенгенін хабарлады.
Өрт 20 шаршы метр аумақты шарпыған.
«Өрт салдарынан 5 адам зардап шекті, олар ауруханаға жеткізілді. Өрт 22:46-да толығымен сөндірілді. Оқиға орнында 49 өрт сөндіруші мен 15 техника жұмыс істеді», – делінген хабарламада.