BasNewsЖаңалықтар

Азия пара ойындары аясында дзюдодан қазақстандық қос спортшы жеңімпаз атанды

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындары аясында дзюдодан қазақстандық қос спортшы жеңімпаз атанды. Жанбота Аманжол күміс медаль, ал Ғалымжан Смағұлұлы қола медаль иеленді, деп хабарлайды basnews.kz.

90 келіге дейінгі салмақта (J2 санаты) өнер көрсеткен отандасымыз Жанбота Аманжол  күміс медаль иеленді.

Өкінішке қарай, ол алтын медальға таласта Корея спортшысы Ли Джунгке жол беріп алды.

Ғалымжан Смағұлұлы үшінші орын үшін өткен тартыста Өзбекстан палуанын жеңді. Жекпе-жек J2 санаты бойынша 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі палуандар арасында өтті.

Back to top button