ЖаңалықтарШымкент

«Жұлдыздар қауіпсіздік үшін» жобасында жылу беру маусымындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды

Шымкент қаласы «Әзіл-сықақ және сатира» театрының көркемдік жетекшісі Арман Махмұтұлы Алиев Еңбекші ауданы ТЖ басқармасының ұйымдастыруымен ҚР ТЖМ-ның «Жұлдыздар қауіпсіздік үшін» жобасына қатысып, жылу беру маусымындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

Көп қабатты үйде тұрсаңыз не істеу керек?

Орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған үйлердің жылу маусымына дайындығын МИБ, ПИК немесе басқарушы компания пысықтайды. Жылу жүйесінің жалпы жағдайы, жылуды есептеу құралдарының және жылу беру негізгі тораптарының орнатылуы мен дұрыс жұмыс істеуі тексеріледі. Сондай-ақ, құбырларды шаю мен қысымын тексеру, үй иелерінің қарызын есептеу және оны өтеу жұмыстары жүргізіледі. Қажет болған жағдайда тұрғын үй иелері өз қаржысына жылу қондырғыларын жөндеп немесе ауыстыра алады.

Жылу маусымына арнайы маманды шақырмай, өзіңіз де дайындала аласыз:

Терезедегі, розетка жанындағы, есіктегі саңылауларды бітеңіз. Бұл бөлмедегі жылуды 50%-ға дейін сақтауға көмектеседі;

Терезелерді жуыңыз. Терезе таза болса күн сәулесі мен жылу бөлемеге жақсы түседі;

Жерге кілем төсеңіз. Жиһаздардың орнын ауыстырыңыз. Олар дұрыс орналасса жылуды сақтауға көмектеседі. Негізгі атқаратын іс – суық сыртқы дуалды жауып, батареяларды ашу;

Жылу маусымына толықтай дайын болу үшін өзіңізде бар қосымша электр жылыту құрылғыларының істеп тұрғанын тексеріңіз.

Коммуналдық төлемдердің төленгенін тексеріп, қарыз болса өтеуді ұмытпаңыз;

Жылу іске қосылғанда батареялар қызып, жылу беретініне көз жеткізіңіз. Жылу келмесе, ауасын шығарыңыз.

Әдетте, қазан айының басына қарай коммуналдық қызметкерлер ақауларды анықтау үшін жылу жүйелерін сынақтан өткізеді. Тексеру технологиясы қарапайым: жылу жүйесі суық сумен толтырылады, жарты немесе бір сағат тұрады. Осы уақыт ішінде барлық құбыр мен тораптардың жылу беретініне көз жеткізу керек. Батареялардан су өтіп қана қоймай, үйді қыздыруы керек.

Батарея салқын болса, шу шықса, шыртылдаса, су ақса онда ішіне ауа жиналған болуы мүмкін. Радиаторлардағы ауа үйді нашар жылытып қана қоймай, батареялардың тотығуына, тат басуына, одан су ағуына әкелуі мүмкін. Сондықтан ауаны шығару керек. Радиаторлардың көбінде ауа краны бар. Ауа бар-жоғын бұрағышпен бұрап тексеруге болады.

Back to top button