Министрлік Египетте демалуды жоспарлаған қазақстандықтарға үндеу жасады
ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәлімдеуінше, қазір Туризм индустриясы комитетіне Қазақстан азаматтарынан Египет курорттарындағы демалысқа қатысты көптеген өтініштер келіп жатыр.
Осыған байланысты министрлік келесідей үндеу жолдады.
«Өздеріңіз білетіндей, Египет аумағы қазір әскери қақтығыс болып жатқан Израильмен шектеседі. Сонымен қарулы қақтығыс Египетке жақын арада демалуды жоспарлаған туристерді алаңдатып отыр. Өз кезегінде туристер баламалы нұсқаларға келіспеген жағдайда алдын ала туристік компанияға қаражатты қайтаруды сұрап жүгінуге және сапардан бас тартуға құқылы екенін хабарлаймыз», – деп хабарлады Туризм және спорт министрлігіндегілер.
Бұл жағдайда туристік компаниялар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қаражатты қайтару кезінде турларды ұйымдастыруға байланысты нақты шеккен шығындарын ұстауға құқылы.