BasNewsЖаңалықтар
Қаза тапқан шахтерлер саны 11-ге жетті
Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы жарылыс салдарынан 11 адам қаза тапты. Бұл жөнінде Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаев мәлімдеді, деп хабарлайды basnews.kz.
Бұған дейін шахтадағы төтенше жағдай салдарынан жеті адам қаза тапқаны хабарлаған едік.
«Бүгін Костенко атындағы шахтада өрт болып, 11 адамның өмірін жалмады, 18 адам әр түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Сағат 9:00-дегі ақпарат. Марқұм кеншілердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз», – деді Ермағанбет Бөлекбаев.
Облыс әкімі апат кезінде шахтада 252 адам болғанын, 205 кенші жер бетіне шығарылғанын нақтылады.
«Мен шахтаға келген сәттен бастап менің басшылығыммен жедел штаб құрылды, оның құрамына жауапты тұлғалар мен әріптестер кірді», – деді Ермағанбет Бөлекбаев.
Оның айтуынша, қаза болғандар мен зардап шеккендердің туыстарына көмек көрсету үшін оқиға орнында 40 құтқарушы, 10 техника және үш психолог жұмыс істеп жатыр.
Сенім телефондары жұмыс істеп тұр: (8-7172) 49-72-70, (8-7212) 51-72-23.
«Осы қиын сәттерде біз қасыңызда боламыз және сіздерге қолдау көрсетеміз», – деді Ермағанбет Бөлекбаев.
Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада 28 қазан күні сағат 02:33-те жарылыс болды. Алдын ала болжам бойынша, лавада газ метан жарылған.