Қайрат Боранбаев Instagram-да жазба жариялады
«Құрметті менің әріптестерім, достарым және серіктестерім! Кеше мен үйіме оралдым, ақыры туыстарым мен жақындарымның жанынан табылғаныма қуаныштымын. Басымнан өткен қиын-қыстау айларда мені қолдаған барлық адамға және әрқайсыңызға үлкен алғысымды жеткізгім келеді. Мені қолдау үшін жасалған әрбір бастамадан, менің жеке басыма қатысты айтылған әрбір жақсы сөзден қанықпын. Айналамда адал, мейірімді, шынайы тамаша жандар барына кезекті рет көз жеткіздім», – деп жазды ол.
Боранбаев «Алмалы» холдингінің әрбір қызметкеріне жекелей алғыс жолдады.
«Өткен жылдар ішінде біз бір үлкен ортақ істі құра білдік әрі қиын сәтте оның қаншалықты күшті, құнды және маңызды екенін сезіндім. Біз бәріміз бір үлкен отбасы сияқтымыз. Енді арадағы бірлік-ымырамен біз жаңа биіктерді еңсеріп, қол жеткізген барлық нәрсені еселей алатынымызға сенімдімін. Мұның бәрі әрбір қызметкердің, қазақстандықтың және бүкіл елдің игілігі үшін. Біз әлеуметтік бағытты қолдайтын холдинг болып қала береміз», – жазды Қайрат Боранбаев.