BasNewsЖаңалықтар
Талдықорған полициясының басшысы қыз зорлады деген күдікпен ұсталды
Талдықорған Полиция басқармасының бастығы ұсталды. Ол 27 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды basnews.kz.
Оқиғаны облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
«Талдықорған қалалық полициясының бастығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікке ілінді. ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 2-бөлігі («Адам қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау») бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады Жетісу облыстық Полиция департаменті.