BasNewsЖаңалықтар

Шымкентте жастар сарайы ашылмақ

«Фосфоршылар» мәдениет үйі жастар сарайына айналады. Бұл туралы Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады. 

«🔹Өздеріңіз білетіндей, бұл ғимарат «Дархан групп» серіктестігінің меншігіне жататын еді.

🔹Шымкент қаласының әкімдігі қалалық прокуратура мен мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен бірлесіп, мәдениет үйін қаланың коммуналдық меншігіне қабылдау бойынша алгоритм әзірлеген болатын.

🔹13 қараша күні «Фосфоршылар» мәдениет үйін қаланың коммуналдық меншігіне қайтару бойынша келісімге қол жеткізілді.

🔹Ары қарай ғимаратты көпфункционалды Жастар сарайы ретінде қайта қалпына келтіру және аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады.

🔹«Фосфоршылар» сарайы қаланың ең көрікті жерлерінің біріне айналатынына және халық игілігіне қызмет ететініне сенімдімін», – деп жазды ол.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбеков (@gabit_syzdykbekov)

Back to top button