Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан қыздың ісіне қатысты сот үкімі шықты
Әскери қызметші Арман Жұманға ҚР ҚК-нің 451-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы, «Ауыр зардаптарға әкеліп соқтырған қаруды қолдану арқылы билікті асыра пайдалану» бойынша айып тағылды.
Сот әскери қызметші Арман Жұманнан бөлек марқұм төрт жасар Айкөркем Меделханның әкесіне қатысты ҚР ҚК-ның 119-бабы, «Қауіпті жағдайда қалдыру» бойынша қылмыстық іс қозғау талабымен жеке қаулы шығарды.
«Сот жарыс сөзі барысында мемлекеттік айыптаушы Жұманды кінәлі деп танып, оған 7 жыл бас бостандығын айыру жазасын тағайындауды сұраған. Сот үкімін бұзу үшін прокурормен апелляциялық өтініш хат келтіріледі», делінген Бас әскери прокуратура баспасөз қызметінің хабарламасында.
2022 жылы 7 қаңтарда сағат 19.00 шамасында Айкөркем мен оның отбасы азық-түлік алу үшін дүкенге көлікпен шыққан. Олардың көлігіне Сейфуллин-Сәтбаев көшелерінің қиылысында оқ жаудырылған. Айкөркем оқиға орнында қаза тапты, ал оның 15 жасар әпкесі мен 18 жасар ағасы жарақат алды.
Қылмыстық істі қарау барысы Бас әскери прокуратураның бақылауына алынған.