BasNewsЖаңалықтар
Шымкентте баланы терезеден лақтырып жіберді: полиция толық мәлімет берді
Шымкентте туысы төртінші қабаттың терезесінен баланы лақтырып жіберді, деп хабарлайды basnews.kz.
«103» Жедел жәрдем қызметінен 23 қарашада сағат 21: 00-де баланың терезеден құлағаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға Әл-Фараби ауданында, Ғ.Иляев көшесінің бойында 4 қабатты көппәтерлі тұрғын үйде болған.Шымкент қаласының ТЖД қоғаммен байланыс тобы
Бала 4-қабаттың терезесінен құлап кеткен.
Полиция департаментінің қызметкерлерінен болған оқиға туралы ақпаратты нақтылау кезінде баланы 4-ші қабаттың терезесінен психоневрологиялық диспансерде есепте тұратын туысы терезеден тастағаны анықталды.
Бала 2021 жылы туған ауруханаға жатқызылды, жағдайы ауыр. Оқиғаның мән-жайын Полиция департаментінің қызметкерлері анықтауда.