BasNewsЖаңалықтар
Қажыларды алдаған турфирма басшысы ұсталды
Күдікті Сауд Арабиясы мемлекеттік органының ресми сайтына ұқсас сайт жасап алған. Қажылыққа барушыларды визамен алдаған турфирма басшысы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
«Zam Zam Qazaqstan» туристік компаниясының басшысы Сауд Арабиясына қажылықты заңсыз ұйымдастырғаны анықталды.
«Күдікті Сауд Арабиясы мемлекеттік органының ресми сайтына ұқсас сайт жасап, ол қажылық жасауға берілген визаның заңды екенін растайтынын айтып сендірген», – деп жазылған ІІМ хабарламасында.
22 қарашада сот санкциясымен ол қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция өзге ақпаратты жариялаудан бас тартты.