BasNewsЖаңалықтар

Қазақстандық әскери қызметкер джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

Абай гарнизоны 28738 әскери бөлімінің әскери қызметшісі кіші сержант Мерхат Тұяқов Әбу-Дабиде өткен халықаралық турнирде әлем чемпионы атанды. 85 келі салмақ дәрежесінде күш сынасқан спортшы жеті белдесу өткізіп, оның барлығында айқын басымдықпен жеңді, деп хабарлайды basnews.kz.

Мерхат Тұяқов Ресей, Бразилия, Уругвай, Біріккен Араб Әмірліктері, Иран және Оңтүстік Корея спортшыларымен жекпе-жекте жеңімпаз атанды.

«Төрт қарсыласын мерзімінен бұрын жеңсе, қалған үш спортшыны ұпай санымен ұтты. Ал, алтын жүлде үшін белдесуде Мерхат Тұяқов Ресей Федерациясының спортшысын жеңді», – делінген ҚР Қорғаныс министрілгі таратқан хабарламада.

Мерхат Тұяқов джиу-джитсумен бес жылдан бері айналысады. Алайда мұндай әлемдік додадаға спортшымыз алғаш рет қатысып отыр. Бұған дейін ол еркін күрес, қоян-қолтық ұрыс сынды спорт түрлерімен айналысқан.

Back to top button