BasNewsЖаңалықтар

СҚО-ның төрт ауылында малдан бруцеллез анықталып, шектеу шаралары енгізілді

Тұғыржап, Үлгілі, Ленинское және Плоское ауылдарында малдан бруцеллез шықты. Бұл Солтүстік Қазақстан облысына қарасты елдімекендер. Қазір төрт ауылда да шектеу енгізілді, деп хабарлайды basnews.kz.

Аталған елдімекендерде мал союға, ет және сүт өнімдерін сатуға қатаң тыйым салынды. Ветеринарлар облыс бойынша үй жануарларын тексеруге кірісті. Жұқпалы ауру тарап кетпеуі үшін, 20 күн сайын малдан сынама алынады. Жалпы аймақта санитарлық сойысқа түскен түлік үшін 22,6 миллион теңге өтемақы төленген. Яғни жыл басынан бері 223 ірі қарадан осы ауру анықталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Соңғы дерек 13 қарашада тіркелді. Шаруа қожалығында бес ірі қарадан бруцеллез анықталды. Қазіргі уақытта ол ауылда шектеу шаралары енгізілді. Ауру мал бірден сою алаңына жіберілді. Оны қолдануға болмайды. Ол өңделеді», – деп хабарлады облыстық ветеринария басқармасының баспасөз хатшысы Аманжол Нұртазин.

Back to top button