Жаңалықтар

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ САРЫАҒАШТЫҚ ЖАС САРБАЗДАР АРАСЫНДА ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ САЙЫС ӨТТІ

25 қазан – Республика күніне орай, Сарыағаш ауданында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық сайысы өтті. Шара – жастардың бойында патриоттық тәрбиені қалыптастыру және Отан алдындағы азаматтық жауапкершілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған. Аталған сайысқа аудандағы ауылдық округтерден 12 команда қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. Сайыста қатысушылар қарумен нысана көздеу, садақ ату, АК-74 қаруын шашып-жинау, белтемірге тартылу және қашықтыққа жүгіру сындарынан өтті.
Нәтижесінде 1-орынға аудандағы А.Байтұрсынов атындағы жалпы білім беретін мектеп оқушылары ие болды. Жүлделі 2-орынды Абылайхан атындағы жалпы білім беретін мектеп оқушылары алса, 3-орынды Алыбай батыр атындағы жалпы білім беретін мектеп оқушылары жеңіп алды. Шара соңында барша жеңімпаздарға арнайы диплом, кубок, медаль және бағалы сыйлықтар табысталды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Back to top button