BasNewsЖаңалықтар

Нұр-Сұлтанда екі қабатты жекеменшік үй отқа оранды

Елордада жекеменшік үй өртенді, деп хабарлайды Basnews.kz.

«22 сағат 35 минутта Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің құрамында 8 өрт сөндіру техникасы мен 34 адам бар өрт сөндіру бөлімшелері Есіл ауданы, Октябрдің 70 жылдығы көшесі, 74 үй мекенжайы бойынша өртке оранған жекеменшік үйге шұғыл жетті. Олар келген кезде екі қабатты үйдің шамамен 200 шаршы метр аумақты алып жатқан жабындысы мен шатыры өртеніп жатқан. Тілсіз жау сағат 23-55-те ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ,- деп хабарланған Нұр-Сұлтан қаласы ТЖК баспасөз қызметі.

Бұған дейін елордадағы «Айсанам» тұрғын үй кешенінде ірі өрт болғаны туралы хабарланған еді. 45 адам эвакуацияланды, екі тұрғын құтқарылды.

Back to top button