Жаңалықтар

ҚАЗАЛЫДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАҒЫТЫНДА КҮШЕЙТІЛГЕН ТҮНГІ РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру бойынша елімізде ауқымды жұмыстар қолға алынуда. Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев та өңір деңгейінде «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтырудың, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің және құқық бұзушылықтың алдын алудың маңыздылығын үнемі атап өтіп келеді.

Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, бүгін Қазалы ауданында қоғамдық тәртіпті сақтау, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және заң талаптарының орындалуын бақылау мақсатында күшейтілген түнгі рейд жұмыстары ұйымдастырылды.

Рейд жұмыстарына арнайы қатысып, аудан орталығындағы ойын-сауық орындарын, кафе-барларды және сауда нысандарын араладық. Аралау барысында кәсіпкерлік нысандарындағы заң талаптарының сақталуына, алкоголь өнімдерін сату тәртібіне, кәмелетке толмағандарға спирттік ішімдіктер мен кальян ұсыну мәселелеріне, сондай-ақ жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруіне ерекше назар аудардық.

Күшейтілген рейд жұмыстарына аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Ибраев, аудан прокуроры орынбасарының міндетін атқарушы Әділбек Сағатбаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Майра Ршымбетова мен аудандық кірістер басқармасының басшысы Абай Қайрбайұлы, учаскелік полиция инспекторлары, білім бөлімінің қызметкерлері және мектеп директорлары жұмылдырылды.

Кәсіпкерлік нысандарының иелерімен кездесіп, заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескерттік. Әсіресе, кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін сатуға жол бермеу, белгіленген уақыттан кейін жасөспірімдердің заңды өкілінсіз ойын-сауық орындарында болуына жол бермеу және кальян ұсынуға қатысты заң талаптарын сақтау мәселелері түсіндірдік. Заң бұзушылықтардың алдын алу бағытында кәсіп иелеріне тиісті ескертулер беріліп, жауапкершілік мәселесі назарға алынды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидаты – қауіпсіз әрі тұрақты қоғам қалыптастырудың негізгі ұстанымы. Облыс әкімі Мұрат Нәлқожаұлының тапсырмалары аясында бұл бағыттағы жұмыстарды аудан көлемінде жүйелі түрде жалғастыруымыз қажет. Бүгінгі рейдтің басты мақсаты – тек құқық бұзушылықтарды анықтау емес, ең алдымен олардың алдын алу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәсіпкерлер арасында заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру. Әсіресе, кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін сатуға, жасөспірімдердің түнгі уақытта қараусыз жүруіне және олардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін өзге де жағдайларға жол берілмеуі тиіс. Бұл ретте ата-аналардың, білім беру ұйымдарының, құқық қорғау органдарының және кәсіпкерлердің жауапкершілігі жоғары. Барлығымыздың ортақ міндетіміз – балаларымыздың қауіпсіздігін қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамда заңға деген құрметті нығайту. Мұндай рейдтік шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатынын жеткіздік.

Күшейтілген рейд жұмыстары барысында кәсіпкерлерге қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, анықталған мәселелер бойынша тиісті профилактикалық шаралар қабылданды. Заң бұзушылық белгілері анықталған жағдайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылдау қажеттігі ескертілді.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жасөспірімдердің құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау, заңсыз алкоголь саудасының алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы рейдтік жұмыстар Қазалы ауданының орталығы мен ауылдық округтерінде жалғасын табатын болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button