BasNewsЖаңалықтар

Елордада коронавируспен күреске қанша ақша бөлінді?

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов коронавируспен күреске жұмсалған қаражат туралы сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды BasNews.kz.

“Жыл басынан бері тек материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 4 миллиард теңге бөлдік. Сыйақы мен төлемдер бойынша біз қалалық дәрігерлерге 3 миллиард теңгеден аса қаржы бөлдік, жұмысты жалғастырып жатырмыз. Бүгін 14 тыныс алдыру аппаратын алдық, қосымша 50 аппаратқа тапсырыс бердік. Барлығы 200 аппарат. 500 флуометр мен 500 медициналық төсек орны”, – деді Көлгінов.

Сондай-ақ, әкімнің айтуынша, стационарлар күн сайын дәрі-дәрмектермен толықтырылады.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова бүгінде жансақтау бөлімінде 180-нен аса адам бар екенін айтты.

Back to top button
Close