BasNewsНовости

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы «Еңбек адамын ұлықтау» республикалық медиа-байқауын өткізу туралы хабарлайды

Байқау жұмыскерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру және лайықты еңбек қағидаларын алға бастыру бойынша кәсіподақтардың қызметін кеңінен насихаттау мақсатында БАҚ, штатта және штаттан тыс жұмыс істейтін журналистер арасында өткізіледі.

ҚРКФ «Еңбек адамын ұлықтау» медиа-байқауы 5 номинация – «Үздік журналист», «Үздік ақпараттық әріптес», «Үздік фотообъектив», «Кәсіподақтардың үздік ақпараттық ресурсы» және «Үздік кәсіподақ баспасөз қызметі» бойынша өтеді.

Байқауға кез келген деңгейдегі БАҚ журналистері, тәуелсіз журналистер, Федерацияның мүше ұйымдарының БАҚ-пен жұмыс жөніндегі қызметкерлері, фотографтар, блогерлер, сондай-ақ агенттіктер мен коммерциялық емес ұйымдар қатыса алады.

2022 жылғы 1 мамыр мен 1 қыркүйек аралығында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған және эфирге шыққан материалдар қарауға қабылданады.

Байқау жеңімпаздары Қазақстан кәсіподақтары күнін мерекелеу қарсаңында ағымдағы жылдың 10 қазанына дейін белгілі болады.

(Байқау туралы ереже қоса беріледі).

Байқауға қатысу мәселелері бойынша байланыс ақпараты:

Жұмыстарды жіберу үшін электронды мекенжай: kasipodaq_press@mail.ru

+7 701 738 32 38 — ҚРКФ Медиа орталығының директоры Гүлмира Қаракөзова

+7 701 254 63 59 — ҚРКФ Медиа орталығының бас сарапшысы Линара Сақтағанова

Еңбек адамы идеясы жалпы халықты еңбекке жұмылдырып, еңбек адамына деген құрметті арттыруы тиіс.  Маркетинг дамыған заманда ірілі-ұсақ компаниялар еңбекке ынталандырудың түрлі тәсілдерін өндіріске ендіруде. Мұндай жекелеген мысалдар арқылы олардың табысты кәсібінің құпиясын түсіндіруге болар еді. Сол секілді, мемлекет деңгейінде тұтас бір идеологиялық қондырма арқылы еңбекке деген адамдардың қарым-қатынасын өзгертіп, халықтың әл-ауқаты мен табысының артуына қол жеткізуге болады. Жалпы еңбек адамы идеясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында қойылған мақсаттар мен міндеттерге сай келеді. Онда кәсіпкерлікті дамыту санаға сіңген патерналистік пиғыл мен масылдықтан арылтуға мүмкіндік беретіндігі айқындалған. Еңбек адамына мемлекет тарапынан мәртебе белгілеп, көтермелеу маңызды. Бұл адамдарды сенімділікке, жеке белсенділікке, мақсаттар мен ойлардың бірлігі арқылы тұрақтылық пен үйлесімділікті қамтамасыз етуге атсалысуға үндейді. Осылайша қазіргі тарихтың ең қиын сәттерінде өзімізді және мемлекеттілігімізді сақтау үшін бойымызға жақсы қасиеттерді, құндылықтарды қалыптастырамыз. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда еңбек адамы идеясы өзінің үлесін қосары сөзсіз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button