BasNewsНовости

Шымкент: Жаңа форматтағы инклюзивті білім беру

Биыл «Қазақстанның ұлттық басымдығы: Балалар және білім» тақырыбында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА тамыз кеңесінің панелдік секция жұмыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

​Секция жұмысының мақсаты: барлық білім алушылар үшін жайлы білім беру ортасын құру бойынша инклюзивті практиканы дамытудың өзекті мәселелерін талқылау және жаңа оқу жылына басымдықтарды анықтау.

​Республикалық маңызы бар іс-шараға білім беру ұйымдарының әкімшілігі, педагогтері, мен психологиялық-педагогикалық қолдау мамандары, әдіскерлер, білім беруді басқару органдарының, ҮЕҰ және ата-аналар қоғамдастығының өкілдері, ЖОО оқытушы-профессорлар құрамы белсенді (3000 педагог ютубтан, 2000 педагог онлайн) қатысты.

​Аталған іс-шара барысында Шымкент қаласы Білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ, Инклюзивті білім беру бөлімінің басшысы Ж.Б.Утесинова қатысып, «Об оргнизации доступной и комфортной инклюзивной среды в организациях дошкольного образования общего типа в г.Шымкент» тақырыбында баяндама оқыды.

Ж.Б.Утесинова өз баяндамасында инклюзивті оқытудың негізгі принцептері адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктермен анықталатындығы, әрбір адам сезуге және ойлауға, әрбір адам үшін жетістікке жету-өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру және жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтетіндігі жайлы тәжірибе мен теорияны ұштастырды.

Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз — барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.

Нәтижесінде, секция жұмысына қатысушы педаготер ерекше қолдауды қажет ететін балалар үшін жайлы білім беру ортасын құру аясында инклюзивті практиканы дамытудың өзекті мәселелерін талқылап, жаңа оқу жылында берілетін басымдықтарды анықтады.

Қазіргі  таңда  білім  беру  жүйесінде  даму  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға   айрықша  орын  бөлінген.  Бұл  балаларға  қатысты  біздің  алдымызда  тұрған   негізгі  міндет  –  олардың  әлеуметтік  ортаға  бейімделуіне,  қоғамдағы   толыққанды  өмірге  дайындалуына  жағдай  жасау  және  көмек  көрсету.   Инклюзивті  білім  беруді  қолдау  бағытында  жалпы  білім  беретін  мектептерде   белгілі  себептермен  ақыл  —  ой  дамуында  ауытқуы  бар  немесе  психикалық   дамуы  тежелген  оқушылар  білім  алуда.  Әр  оқушының  эмоционалдық  және   психикалық  таным   процестерінің  дамуы  деңгейі  әртүрлі  болғандықтан  білім   алуда  өз  ерекшеліктері  бар.Десек  те,   қазіргі  таңда   әр  оқушыға  жеке  тұлға   ретінде қарап, саналы тәрбие  сапалы білім беру өмір талабы болып табылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button