BasNewsНовости

Абай аудан аумағы бойынша 96% мемлекеттік электр жарығымен қамтылған

Аудан аумағы бойынша 34 елді мекеннің 31 елді мекені (96%) мемлекеттік электр жарығымен қамтылып отыр. Қалған 3 елді мекен (4%)  жеке меншік трансформаторларды пайдаланды. 2021 жылы 5 елді мекенді (Ынтымақ-2, Айкөл, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл, Ақжар) электр жарығымен қамту үшін жалпы 7,2 млрд. теңгеге жоба жасалып, ағымдағы жылы 5,2 млрд теңге бөлінген. 2022 жылы 3 елді мекеннің (Нұршуақ, Батыс, Жаңаталап) құрылысы аяқталып, сапалы электр жарығымен қамтылып, аудан аумағы 100 пайыз электр жарығымен қамтылатын болады.

Аудан аумағы бойынша 34 елді мекеннің 24 елді мекені (73,5%) табиғи газ жүйесімен қамтылса, қалған 10 елді мекен қатты отынды пайдалануда. 2021 жылы 1 елді мекен (Алтынтөбе) табиғи газбен қамтылды.  2022 жылы 5,3 млрд.тг қаралып, 7 елді мекенде (Көкбұлақ, Батыс, Арғымақ, Ақжар, Ақтас-2, Ақтас, Нұршуақ-2023 жылға өтпелі)  құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылы 3 елді мекенге (Ынтымақ-2, Айкөл, Тәуелсіздікке 20 жыл) құрылыс жұмыстар жоспарлануда. 2024 жылы 1 елді мекеннің (Құрсай) жаңақұрылыс аумағы табиғи газбен қамтылатын болады.

Шымкент қаласы Абай аудан аумағы бойынша 34 елді мекеннің 33-і сапалы ауыз сумен қамтылып, ол 97% құрап отыр.  2020 жылы ауыз суға 1,9 млрд,тг. 9 жоба бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілді. Олар: Қызылжар, Игілік, Жаңаталап, Нұршуақ, Батыс, Тәуелсіздікке 20 жыл, Ынтымақ-2, Ақтас-2. 2021 жылы 6,9 млрд.тг қаралып, 9 елді мекенге ауыз су берілді. Олар: Қызылжар, Игілік, Жаңаталап, Нұршуақ, Батыс, Тәуелсіздікке 20 жыл, Ынтымақ-2, Ақтас-2. 2022 жылы 5,2 млрд.тг 1 жоба (Құрсай,Арғымақ) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар 2022 жылдың соңында аяқталып, елді мекен сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Оның ішінде атап өтетін мәселе Көмешбұлақ су көзінен Қ.Төлеметов көшесіне дейінгі магистралдық су құбырының (жоба құны — 7,1 млрд. теңге) құрылыс жұмыстары аяқталып, 9 елді мекендерге сапалы ауыз сумен толық қамтылуда.

Абай ауданының 8 елді мекені 115,9 мың адам (36,0%) орталықтандырылған кәрізбен қамтылған, қалған 26 елді мекен 207,0 мың адам (64,0%) кәрізбен қамтылмаған. 2020 жылы 1 нысанның (Самал-3) ЖСҚ әзірленді. 2021 жылы 1 нысанның (Самал-1) құрылыс жұмыстары аяқталды. 2022 жылы 2 нысанның (Самал-3, Солтүстік-батыс) құрылыс аяқталады. Қалған елді мекендерді қамту бойынша 2022-2025 жылдары аралығында Абай ауданы аумағында 2 кәріз тазалау имараты (КОС) салыну жоспарлануда.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button