BasNewsНовости

Шымкент медицинасында невропатолог — Угай Альберт Марсовичтің есімі жақсы таныс

Жалпы еңбек адамы идеясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында қойылған мақсаттар мен міндеттерге сай келеді.

Онда кәсіпкерлікті дамыту санаға сіңген патерналистік пиғыл мен масылдықтан арылтуға мүмкіндік беретіндігі айқындалған. Еңбек адамына мемлекет тарапынан мәртебе белгілеп, көтермелеу маңызды. Бұл адамдарды сенімділікке, жеке белсенділікке, мақсаттар мен ойлардың бірлігі арқылы тұрақтылық пен үйлесімділікті қамтамасыз етуге атсалысуға үндейді. Осылайша қазіргі тарихтың ең қиын сәттерінде өзімізді және мемлекеттілігімізді сақтау үшін бойымызға жақсы қасиеттерді, құндылықтарды қалыптастырамыз. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда еңбек адамы идеясы өзінің үлесін қосары сөзсіз.

Шымкент медицинасында невропатолог — Угай Альберт Марсовичтің есімі жақсы таныс. Өз ісін жетік білетін дәрігердің біліктілігін емделушілер ғана емес, әріптестерінің өзі мойындап жатады.

Дәрігер 1966 жылы Қызылорда облысының Сырдария ауданында дүниеге келген. Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында білім алған. Альберт Марсович 28 жылдан бері талай науқасты аяқтан тік тұрғызып, алғыс арқалаған ақ халатты абзал жан. Омыртқа, мидың зақымдалуы, бас-ми жарақаты, инсульт, ауыр оталардан кейін денсаулығын қалыпқа келтіруде дәрігер талай науқасты сырқатынан айықтырды.

Жоғары дәрежелі невропатологтың біліктілігін естіп, жан-жақтан іздеп келіп, қаралатын науқастардың қатары аз емес. Альберт Марсович Шымкентте денсаулық қорғау шеңберінде негізгі заңнамаларды меңгерген маманның бірі. Ол адам жанының арашасы ғана емес, Ауған соғысының ардагері.

Қорыта келгенде, еңбек адамы идеясы жалпы халықты еңбекке жұмылдырып, еңбек адамына деген құрметті арттыруы тиіс.  Маркетинг дамыған заманда ірілі-ұсақ компаниялар еңбекке ынталандырудың түрлі тәсілдерін өндіріске ендіруде. Мұндай жекелеген мысалдар арқылы олардың табысты кәсібінің құпиясын түсіндіруге болар еді. Сол секілді, мемлекет деңгейінде тұтас бір идеологиялық қондырма арқылы еңбекке деген адамдардың қарым-қатынасын өзгертіп, халықтың әл-ауқаты мен табысының артуына қол жеткізуге болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button