BasNewsНовости

Шымкентте дәрігерлер мен орта медициналық персоналдың жалақысы кезең-кезеңімен ұлғаюда

Қазақстан Республикасы Президенті К.К Токаевтың 2025 жылға дейін денсаулық сақтауға арналған жалпы шығыстарды Жалпы ішкі өнімнің 5%-ға дейін ұлғайту жөніндегі тапсырмасының шеңберінде  («ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2019 жылғы 19 маусымдағы №27 Жарлығы) дәрігерлердің және орта медицина қызметкерлерінің орташа айлық жалақысын Қазақстан Республикасының экономикасы бойынша орташа айлық жалақыға кезең-кезеңмен ұлғайту қарастырылған. Дәрігердің орташа жалақысы 2023 жылға қарай 561 мың теңгені, орта буын медициналық қызметкерлерге — 209 мың теңгені құрайды.

Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында дәрігерлер мен орта медициналық персоналдың жалақысын кезең-кезеңімен ұлғайту көзделген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақы орташа есеппен: дәрігерлерге 30% және орташа буын мамандары 20%-ға өсті.

Қазіргі таңда дәрігерлердің ортада жалақысы 302 139 теңге (2021 жылы 228 515 теңге),  орта буын мамандарының жалақысы 175 799 теңге (2021 жылы 144 290 теңге). Бұл өз шегінде 2021 жылмен салыстырғанда дәрігерлер жалақысы 30%, орта буын мамандары 20% өсіп келетіндігін көрсетеді.

Медицина мамандарының біліктілін арттыру мәселесіне келсек, алты ай ішінде 2 938 медициналық қызметкерлер шет елде және республика орталықтарында  біліктілігін арттырған. Арнайы оқытудан өткен медицина мамандары арасынан қалада алғаш рет балаларға кеңес беру үшін он педиатриялық мобильді бригада құрылды.  Бұл мобильді топ дәрігерлері тәуекел тобындағы балаларды уақтылы анықтау, оларды стационарлық емдеуге жіберу жұмыстарымен айналысады. Кадр тапшылығы — 76,  негізгі қажет мамандар – неонатолог, реаниматолог, гематолог, иммунолог, сурдолог. Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығы кадрларды қолдау мақсатында резидентураға оқуға 87 жолдану жоспарлануда.

Медицина саласындағы оң өзгерістерге келсек, қалалық онкологиялық орталықта онкогематология бөлімшесі ашылды, (пэт/кт) орталығы мен сәулелі терапия орталығында (пэт, кт) сызықтық үдеткіш апараттары орнатылды. (КТ және сызықтық үдеткіш  қызмет көрсетуде, (пэт) қыркүйектен бастап қызмет көрсету жоспарлануда); 2022 жылдың 1 сәуірден бастап аурухананың базасында амбулаторлық коронароангиография және стендттеу қызметі көрсетілуде; Қалалық онкологиялық орталықта, №1 қалалық клиникалық ауруханада, қалалық клиникалық балалар ауруханада және Шымкент жүрек орталығында республикалық мамандарымен 8 мастер-класс өткізілді, оған 120 маман қатысты; Жедел медициналық жәрдем станциясында орталықтандырылған симуляциялық орталықта Халықаралық стандарттар бойынша 108 медициналық қызметкерлерге практикалық дәрістер өткізілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button