
Шымкент қаласы Еңбекші ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары және «Спецавтотранспорт» ЖШС, «Шымкент-Дезинфекция» ЖШС-сы аудан аумағында қолайсыз санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды болдырмау, тұрғындар арасында инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында қоқыс алаңшасының абаттандыру, қоқыс контейнерлерінің жарамсызын ауыстыру және уақытылы тазарту, дезинсекция, дератизациялау жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, бүгін Шымкент қаласының Абай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары және Абай ауданы әкімдігінің мамандарымен бірлесіп, аудан аумағында қолайсыз санитариялық — эпидемиологиялық жағдайды болдырмау және тұрғындар арасында қауіпті инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу мақсатында, аудан аумағында орналасқан «Телман» елді мекенінде халықтың тұтынған тұрмыстық қатты қалдықтарын жинау, пайдалану, қолдану, залалсыздандыру, тасымалдау, сақтау және көму жұмыстарымен айналысатын («Шымкент Спец Комплекс» ЖШС) ұйымдары және басқада мамандандырылған ұйымдар арасында санитариялық ағарту жұмыстары жүргізілді.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары қаладағы 21 шағын ауданы Быковский көшесі тұрғындарымен аудан аумағында қолайсыз санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды болдырмау мақсатында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, жүйелі түрде шығарылуы мен жою жұмыстарының уақтылы жүргізілуі туралы санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізді.
Ал, Шымкент қаласының Қаратау ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандар және Қаратау ауданы әкімшілік мамандары тарапынан, аудан аумағында қолайсыз санитариялық — эпидемиологиялық жағдайды болдырмау және тұрғындар арасында қауіпті инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу мақсатында:
- халықтың тұтыну қалдықтарын жинаумен айналысатын мекемелер арасында, қатты тұрмыстық қалдықтарды (әрі қарай-ҚТҚ) жинауға, тасымалдауға және залалсыздандыруға қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптарды түсіндіру жұмыстары жүргізілді;
- елді мекендерде (тұрғын үй қорының, ұйымдардың, мәдени-бұқаралық мекемелердің, демалыс аймақтары аумақтарында) көлік кіретін жерлері бар, қалдықтарды жинауға арналған контейнерлерді орналастыру үшін арнайы алаңдар бөлінеді;
- алаңға қатты жабын жабылады және үш жағынан қалдықтардың желмен таралу мүмкіндігін болдырмайтын биіктікте, бірақ кемінде 1,5 м биіктікте қоршалады;
Осы орайда, қала тазалығы баршаға ортақ екендігін ескеру қажет. Сол себепті, қаламыздың әрбір тұрғынынан жалпыға ортақ тәртіпті сақтап, қала тазалығының сақталуына үлес қосуын сұраймыз!



