Шымкент: Ең көп сотқа түсетін арыздар — сот орындаушыларға қатысты даулар
Мемлекет Басшысы Қазақстан президенті Қ.Тоқаевтың 2019 жылдың 2 қыркүйегіндегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты тақырыбындағы өзінің халыққа жолдауында азаматтарымыз жария-құқықтық дауларда билік органдарының шешімдері мен әрекеттеріне қатысты шағым түсіру кезінде көп жағдайда теңсіздік ахуалында қалып жатқандығын, олардың мүмкіндіктерін мемлекеттік аппараттың ресурстарымен салыстыруға келмейтінін, сондықтан осындай теңсіздіктерді болдырмау және азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етумақсатында дауларды шешудің ерекше тетігі ретінде әкімшілік әділет құрылымын енгізу қажет екенін атап өтті.
Мемлекет Басшысының жолдауын жүзеге асыру аясында нақты іс-шаралар атқарылып, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қабылданып, елімізде мамандандырылған әкімшілік соттары құрылды.
Қазіргі таңда осы кодекспен реттелетін әкімшілік актілерге қатысты жария-құқықтық даулар осы жаңадан құрылған мамандандырылған әкімшілік соттарымен қаралуда.
Осы орайда, Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап өз жұмысына кірісті. Әкімшілік сотта жалпы штат бойынша 9 судья 15 сот қызметкері жұмыс атқаруда.
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына 2022 жылдың 9 айында 1272 әкімшілік талап арыздар түскен, ал өткен жылдан қалдық ретінде өткен істер саны 189 іс болса, қалдық істерді қоса алғанда жалпы 1461 істі құраған.
Олардың ішінде ең көп сотқа түсетін арыздар;
- Сот орындаушыларға қатысты даулар 279
- Жер даулары 270
- Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты даулар 111
- Мемлекеттік сатып алуға қатысты даулар 106
- Салық даулары 108
- Тұрғын үйге қатысты даулар 50
Осы аталған даулар жалпы түскен арыздардың 72,6 % пайызын құрап отыр.
Есептік кезеңде жалпы түскен арыздардың 1205 арызы қаралып аяқталған, яғни 82,4 % пайызын құрап отыр. Оның ішінде 421 іс немесе 28,8 % пайызы шешім шығарумен аяқталған, оның 198 ісі бойынша талап арыз толығымен және ішінара қанағаттандырумен, яғни заң талаптарына сәйкес 47 % пайыз сотпен азаматтардың құқықтары қорғалған.