Новости

«Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби құзіреттілігі мен дағдыларын дамыту» тақырыбындағы қалалық бірлескен семинар өтті

«Қосымша білім беру оқу салалық орталығы» мен «Әдістемелік орталықтың» жұмыс жоспарына сәйкес, білім басқармасына қарасты С.Ерубаев атындағы 24 мектеп лицейінде «Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби құзіреттілігі мен дағдыларын дамыту» тақырыбындағы қалалық бірлескен әдістемелік семинар өтті.

Мақсаты: мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі мен дағдыларын дамыту арқылы оқушылардың денсаулығына ықтиярлықпен қарау қажеттілігін, қимыл-қозғалыс негіздерін игеру және дене мәдениетін қалыптастыру. Семинарға білім беру мекемелерінен 148 мұғалім қатысты.

Оқушыларды қосымша біліммен қамту спорт және мәдениет салалары алғаш рет жан басына қаржыландыру жүйесі арқылы балаларды қосымша біліммен қамту жобасы арқасында үлес бір жылда 49%-дан 76%-ға дейін өсті. Бұл көрсеткіш 2023 жылы 85%, 2025 жылға дейін 100%-ға орындау жоспарланды.

Қазіргі заманғы қосымша білім беру қазақстандық білімге «сапаға салмақ» беріп қана қоймай, сонымен қоса ол бейресми білім беру тұжырымдамасын – қазіргі жас адамның өмірінде оқытудың жетпіс пайызын құрайтын әлемдік практиканың трендін іске асырады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру саясаты тұрғысынан қосымша білім беру ауыл мектептерінің оқушылары мен ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға білім алуы мен әлеуметтік жетістіктері үшін балама мүмкіндіктер ұсына отырып, білім беру теңсіздігін азайтудың пәрменді құралы болуға тиіс. Баршаңызға аян, қосымша білім беру елімізде қос бағытта жүзеге асып жатыр. Біріншісі, айталық, баланың өнер саласына кәсіптік бағытта бір мамандыққа әуестігі болса, оны осы салаға бейімдейміз. Бұл – баланың ән айтуға не биге, аспапта ойнауы не болмаса, безендіру, бейнелеу өнеріне деген құмарлығы. Екінші жағынан, кәсіби тұрғыдан балаларды экономикалық ахуалға сәйкес, болашақ мамандығын дұрыс таңдауына жол ашамыз. Әдетте оқушы баланың бойындағы 12-14 жас шамасында туған әуестік не қабілет, егер оған дем беріп жіберетін болсақ, оның болашағына жол ашады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button