Новости

Шымкент: Функционалдық сауаттылық — сапалы білім берудің кепілі

Шымкент қаласының Білім басқармасы Әдістемелік орталығының 2022 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 26 қазанында №1 «Білім-инновация» лицейі базасында тәжірибе алмасу мақсатында «ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ-САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ КЕПІЛІ» тақырыбында оқыту семинар өтті.

«Жаратылыстану-математикалық пәндер» бөлімінің биология пәні әдіскері Сәуле Базарбаеваның ұйымдастыруымен өткен семинар барысында «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» пән мұғалімдері тәжірибелерімен бөлісіп, ой-пікірлерін ортаға салды. Қатысушылар сұрақтарына жауап алып, ұсыныстарын айтты.

Аталған шараға 150-ге жуық мектеп координаторлары мен пән мұғалімдері қатысты. Оқыту семинарына озат нәтижелерімен бөлісіп, өз үлестерін қосқан мекеме әкімшілігіне, А.Усипбековке және Г.Арыстановаға рақмет айта отырып, оқушыларыңыз жоғары нәтижелер көрсете берсін дегіміз келеді.

Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық – оқушының әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай — ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор болып табылады.

Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субъектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр. Осыған орай алған білімдері негізінде әрекет етуге қабілеттілік пен даярлықты білдіретін құзыреттіліктерді қалыптастыру үздіксіз білім беру жүйесінің маңызды буыны болып саналатын жалпы білім беретін орта мектептердегі әрбір пәнді оқытудың да басым бағыттарының бірі болып табылады. Функционалдық сауаттылық оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін және оқушылардың өнімді жұмысының көрсеткішін білім деңгейі ретінде қарастырады. Бұл деңгей өмірдің әртүрлі саласындағы тапсырмаларды шешуде мектептік білім мазмұнының қолданбалық сипатына және оқушылардың игерген біліміне негізделеді. Сондықтан, қоғамдағы өмірлік пен практикалық іс — әрекеттердің дағдылары мен әлеуметтік іс — тәжірибені меңгеру үшін оқушылардың білім алу барысында негізгі және пәндік құзыреттіліктері қалыптасуы тиіс.

Басқа жаңалықтар

Back to top button