Шымкенттік полицейлер мектеп оқушыларына күнделікті профилактикалық сабақтар өткізуде

Шымкенттік полицейлер мектеп оқушыларына күнделікті профилактикалық сабақтар өткізуде. Атап айтқанда, Шымкент қаласындағы №137 жалпы орта білім беретін мектептің оқушыларына Абай ауданы Полиция басқармасы ювеналды полиция тобының аға инспекторы полиция майоры Хурсан Атажанов «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» тақырыбында сабақ өткізді.
Сабақ барысында инспектор оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі туралы және оқушыларға бағдаршамнан өту, жолда жүру ережелерін толық түсіндірді. Балалар сабаққа белсене қатысты. Жалпы бұл іс-шаралардың барлығы оқушылардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау, жол қозғалысы ережесінің қатаң сақталуын насихаттау болып табылады.
Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетіні салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбірулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.
Балалар жолда жүру заңын сіз бен бізден үйренеді. Балалар үлкендердің жүріс-тұрысының жақсы жағын да, жаман жағын да қабылдайды. Көп жағдайда балалар жолда жарақат алып, түрлі жағдайға ұшырап жататыны көлік жүргізушілерінің ғана кінәсінен емес, ол көбінесе балалардың жол жүру ережесін білмегендіктен болады. Балаларға жолда жүру ережелерін үйретіп, үнемі оған үлгі көрсетіп және жүріс-тұрысын қадағалап, балаларды көшеде болатын қауіпті жағдайлардан сақтандыру әрбір ата-ананың міндеті.
Мектеп және мектепке дейінгі мекемелерде балаларға арнап «Жолда жүру ережесі» тақырыбында оқу іс-әрекеттері және түрлі шаралар ұйымдастырылып өткізіледі. Сондықтан әрбір бала үйретілетін «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы іс-әрекетті мұқият тыңдап, өткізілген іс-әрекеттен қорытынды жасап отыруға міндетті. Балаларды жолда жүру ережелерімен таныстыру мақсатында ойындар, әңгімелер, серуен кезіндегі ойын түрлері, конкурстар, сұрақ-жауаптарды кеңінен қолдану, балалардың жол ережесі туралы түсініктерінің қалыптасуы мен білімдерінің жетілуіне көмектеседі.



