Новости

Қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі- ең басты байлық

Мектепке дейінгі ұйымдарда жолда жүру ережелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Статистика бойынша, өкінішке орай , жол апаттары көптеп болуда. Соның ішінде балалардың  жол апатына душар болуы жоғары көрсеткішті көрсетеді. Оқу жылы басталғалы тәртіп сақшылары мектептерде күнделікті сабақтар өткізуде. Атап айтсақ, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданындағы №77 жалпы орта білім беретін мектептің оқушыларына Ювеналды полиция тобының инспекторы полиция майоры Елеупов Ербол «Жолдағы балалардың қауіпсіздігі» тақырыбында сабақ өткізді.

Сабақ барысында тәртіп сақшысы оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі туралы және бағдаршамнан өту, жолда жүру ережелерін толық түсіндірді. Балалар сабаққа белсене қатысып, қызықтырған сауалдарына жауаптар алды.

Айта өтетін ақпарат, жолдағы жүргізушілер мен ата-аналардың қырағылығын арттыру және балалардың көше мен жолдағы қауіпсіз мінез-құлыққа байланысты дағдыларын қалыптастыру мақсатында жұмыстар жалғасын табатын болады. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады.  Жолдың қалыпты қозғалысы  көбінесе  балалардың жол бойында қалай болса  солай жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны,  қалтарыстан жолға шығып келетіні салдарынан бұзылады.   Жол тәртібін бұзғандықтан кейбірулер машина  дөңгелегіне  ілініп қаза тауып,  кейбіреулері жарақат алады. Кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.

Балалар жолда жүру заңын сіз бен бізден үйренеді. Балалар үлкендердің  жүріс-тұрысының  жақсы жағын да, жаман жағын да қабылдайды. Көп жағдайда  балалар жолда жарақат алып, түрлі жағдайға ұшырап жататыны  көлік жүргізушілерінің  ғана кінәсінен емес, ол көбінесе балалардың жол жүру ережесін білмегендіктен болады. Балаларға  жолда  жүру ережелерін үйретіп, үнемі оған үлгі көрсетіп және жүріс-тұрысын қадағалап,  балаларды көшеде болатын қауіпті жағдайлардан сақтандыру әрбір ата-ананың міндеті.

Мектеп және мектепке дейінгі мекемелерде балаларға арнап «Жолда жүру ережесі» тақырыбында оқу іс-әрекеттері және түрлі шаралар ұйымдастырылып өткізіледі. Сондықтан әрбір бала үйретілетін  «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы іс-әрекетті мұқият тыңдап, өткізілген іс-әрекеттен қорытынды жасап отыруға міндетті. Балаларды жолда жүру ережелерімен таныстыру мақсатында ойындар, әңгімелер, серуен кезіндегі ойын түрлері, конкурстар, сұрақ-жауаптарды кеңінен қолдану, балалардың жол ережесі туралы түсініктерінің қалыптасуы мен білімдерінің жетілуіне көмектеседі.

Балаларды жол жүру ережелеріне үйрету- ата-ана мен үлкендердің тұрақты, үздіксіз жұмысы.  Бағдаршам белгілерімен, жолда жүру ережелерімен,   жаяу жүргіншілер жолы, көше жиегіндегі жолдармен (тротуармен)  таныстыруды жүзеге асыру көзделген.  Балалар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін , оларды жол  жарақаттарынан сақтау үшін алдымен жолда, көшеде жүру ережелерін, жолда жүру тәртібін үйретуіміз керек. Үйде ата-ана, мектепке дейінгі ұйымда балабақша тәрбиешілері бірлесіп, балаларға жол ережелері туралы үйретер болсақ, балалар жол апатының алдын алар едік.

Басқа жаңалықтар

Back to top button