Новости

Шымкент: Мектеп оқушыларына «Есірткісіз болашақ» атты профилактикалық сабақтар ұйымдастырылды

Мемлекет басшысымен 2022 жыл – Балалар жылы болып жариялануына орай, Ішкі істер министрлігінің тапсырмасымен Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша «Есірткісіз болашақ» атты арнайы профилактикалық сабақ өткізді.

Іс-шараға Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков, Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Бауыржан Жұмабеков, қалалық «Психикалық денсаулық орталығының» нарколог-маманы Ұлжан Жанмолдаева және «Ренессанс Шымкент» медициналық емдеу-оңалту ортағының маманы Анатолий Ичетовкин қатысты. Олар №39 мектептің оқушыларына есірткінің зияндығы мен қауіп-қатерін, нашақорлыққа шалдығудың салдарын және есірткінің заңсыз айналымымен байланысты құқықбұзушылықтар үшін белгіленген жауапкершілікті түсіндіріп, салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігін ескертті.

«Қазіргі уақытта нашақорлық қоғамдық ауқымдағы маңызды мәселе болып тұр. Жастар арасындағы нашақорлықтың алдын-алудың бір жолы түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады. Жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз»,-деді полиция майоры Б. Карбеков.

Жиын барысында мамандар тәжірибе жүзінде есірткі таратушыларды байқаған жағдайда, әрекет ету тәртібі туралы толыққанды көрсетіп, зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытында пайдалы істермен айналысуға үгіттеді. Кездесу соңында мектеп оқушылары тиісті сала мамандарына көкейлеріндегі жүрген сұрақтарын қойып, жауаптар алып, өзара еркін пікір алмасты.

Нашақорлықтын өсуі-бұл әлемдегі медициналық-әлеуметтік ең ауыр мәселердің бірі болып табылады.Қазақстанда есірткіні медициналық емес жолмен пайдалану күннен-күнге қауіпті бола түсуде. Нашақорлық арасында АИТВ таралуы қауіпті тек инъекциялық есірткіні стерильденбеген құралдармен қабылдауға ғана байланысты емес. Көптеген психоактивті заттар оны қалай қабылдағанына қарамастан, жасөспірімдерді есірткімен зақымдалу қауіпіне ұшыратады. Есірткі олардың мінез-құлқына әсер етіп, тәуекелге жиі барады. Мұның барлығы қатты аландатушылық туғызады.
Жастар спорт алаңында әркім өзінің таңдаған спорттық түрлерімен шұғылданатыны байқалады. Ендеше оларға ешқандай есірткінің қаупі жоқ. Жасөспірім, салауатты өмір салтын ұстан спортпен шұғылдан, сымбатты бол! Өз мемлекетіңді, нашақарлықтан сақта, өз ұлтының санын өсір. Дүниеге дені сау ұрпақ әкел! Арамызда дені сау, ұшқыр ойлы саналыда, сапалы жастарымыздың саны көбейіп, ғасыр дертімен бірге күресейік.

Басқа жаңалықтар

Back to top button