Новости

Шымкент қалалық №6 емханада сүт безінің қатерлі ісігінің алдын алу мақсатында ашық есік күні өтті

Қазақстанда жыл сайын 5 мыңға жуық сүт безі қатерлі ісігімен ауыратын науқас анықталады екен. 1200 дейінгі әйел қайтыс болады. 95 пайызы сүт безі қатерлі ісігінің ерте сатысында уақытылы диагноз қойылған кезде пациенттер толық емделеді. Сондықтан қатерлі ісіктің алдын алу маңызды. Шымкент қалалық №6 емханада сүт безінің қатерлі ісігінің алдын алу мақсатында ашық есік күні өтті.  Ашық есікке емханаға қарасты шағынаудан және елді мекеннің тұрғындары маммолог дәрігерден кеңес алып, қажет жағдайда медициналық тексеріс алды. Сүт безі қабырғаларды жауып тұратын, кеуде бұлшық еттерінде орналасқан. Әр сүт безі 15-20 бөліктен тұрады. Бөліктер одан кіші бөлікшелерден тұрады. Бөліктер сүт өндіретін бездердің топтарынан тұрады. Сүт бөліктерден түтік арқылы ағып, емшекке шығады. Емшек ареола деп аталатын, терінің қаралау келген жерінің ортасында орналасады. Бөліктер мен түтіктердің арасында май тіні болады. Сүт безінде лимфа тамырлары да кездеседі. Бұл лимфа тамырлары, домалақ келген мүшелерге, яғни лимфа түйіндеріне жалғасады. Лимфа түйіндері сүт безінің маңында, қолтықта, төс артында, бұғана астында, және т.б. жерлерде топталып орналасады. Лимфа түйіндері бактерияларды, қатерлі ісік жасушаларын және ағзаға зиян келтіретін басқа заттарды ұстап қалады. Қауіп факторлары Сүт безінің қатерлі ісігі не себепті пайда болатынын әлі күнге дейін ешкім білмейді. Дәрігерлер бұл аурудың неге кей әйелдерде дамып, кейбіреуінде дамымайтынын түсіндіріп бере алмайды. Олар жарақаттардың, қан кетулердің және сүт безінің пальпациясы қатерлі ісікке әкелмейтінін біледі. Сонымен қатар сүт безінің қатерлі ісігі жұқпалы емес. Ғалымдар кей әйелдердің белгілі қауіп факторларына жақын болуынан, қатерлі ісікке шалдығуы жоғары болып келетінін дәлелдеді. Қауіп факторы деп, аурудың дамуына әкелетін қолайлы жағдайлардың барлығын айтады. Зерттеу барысында сүт безінің қатерлі ісігінің келесі қауіп факторлары анықталды: Жасы: сүт безінің қатерлі ісігінің дамуы жас өскен сайын арта түседі. Сүт безінің қатерлі ісігі көбінесе 60-тан асқан әйелдерде анықталған. Бұл ауру менопаузаға дейін өте сирек дамиды. Сүт безінің қатерлі ісігін бастан кешіру: егер қатерлі ісік бір жақтағы сүт безінде дамыса, оның екінші жағында да даму қаупі жоғарылай түседі. Отбасы тарихы: егер әйел адамның анасы, сіңлісі немесе қызы сүт безінің қатерлі ісігімен ауратын болса, осы әйелде ауру қаупі жоғары болады. егер отбасы мүшелері 40 жасқа дейін осы аурумен ауратын болса, онда ауру қаупі еселей түседі. Осы аурумен басқа да туыстарының ауруы (анасы немесе әкесі жағынан), ауру қаупін жоғарлатады. Сүт безінің өзгерістері: кейбір әйелдердің сүт безінде, қалыптас тыс жасушалар анықталады. Осындай қалыптан тыс жасушалардың болуы (атипиялық гиперплазия, бөліктік орнықты карцинома), қатерлі ісіктің дамуын жоғарлатады. Генетикалық өзгерістер: белгілі гендердің өзгерісі, сүт безінің қатерлі ісігінің даму қаупін жоғарлатады. Осындай гендерге BRCA1, BRCA2, және т.б. жатады. Дәрігер осындай гендердің өзгерісі анықталған әйелдерге, ауру қаупін төмендет үшін және ауру дамыса әйелдің жағдайын жақсарту үшін, тиімді жолдарды көрсете алады. Репродуктивті және менструалды тарихы: Егер әйел өзінің бірінші баласын неғұрлым кеш босанса, сүт безінің қатерлі ісігінің дамуы жоғарылайды. Менструалды кезеңі 12 жасқа дейін пайда болса, сүт безінің қатерлі ісігінің дамуы жоғарылайды. Менопауза 55 жастан кейін болса, қатерлі ісіктің дамуы жоғары болады. Балалары болмаған әйелдерде де қатерлі ісіктің дамуы жоғары болады. Эстроген және прогестин сияқты гормон алмастырушы препараттарды қолдану қатерлі ісіктің дамуын жоғарлатады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button