Новости

АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мақсатында жастармен дәріс өтті

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасындағы АИТВ-жұқпасына жедел-тест арқылы тексеріп, тестіге дейін және тестіден кейін кеңес беру, өз еркімен тесттен өткізу шарасы өтті.

Мақсаты – Жастар арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Шараға Қоғамдық денсаулық сақтау институтының маманы Айжан Молдабаева, ЖИТС-тің алдын алу және оған күрес жөніндегі орталығының маманы Назира Жүргенбаева және Оңтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінің студенттері қатысты.

Кездесу барысында денсаулық сақтау және ЖИТС-тің алдын алу орталығының маманы адам ағзасында қауіпті және қауіпсіз биологиялық сұйықтықтың жұғу жолдары және АИВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары туралы айтып өтті. Сонымен қатар жастарды өз еркімен АИТВ-жұқпасына жедел-тест арқылы тексеріп, тестіге дейін және тестіден кейін кеңес берді.

АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) — адамға өте қауіпті вирустардың бірі. АИТВ иммундық жүйені зақымдайды. Адамның иммун жүйесі бұзылғаннан кейін, сау адамға қарағанда, кез келген инфекцияның алдында дәрменсіз болады. АИТВ инфекциясының соңғы сатысы – Жұқтырған иммун тапшылығы синдромы, ол әр адамда әр қалай, 2-15 жыл ішінде дамиды. АИТВ адамның иммундық жүйесіне бірнеше жыл бойы зиянды әсерін тигізгендіктен, иммун тапшылығы дамиды. Ол дегеніміз, ағзадағы зақымданған жасушалар саны жоғары деңгейге жеткенде ағза әртүрлі инфекцияға, вирустарға қарсы тұра алмай қалады, күресуге шамасы да болмайды. Ауру адамда көптеген ауру түрлері дамиды. Бұл дертке қарсы екпе табылмағанмен, бұл бағыттағы зерттеулер қарқынды дамуда. Қазірдің өзінде вирус таралуын басатын, ауруды асқындырмайтын, дәрілік препараттар бар. Осы препараттармен 15 жыл бұрын ем бастаған аурулар қазіргі кезде өздерін жұмысқа қабілетті сезінеді.

Шара аясында ЖИТС орталығының қызметкері кәмелетке толмағандар жастар арасында нашақорлық, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері жайында толыққанды мағлұмат берді. Сонымен қатар сала мамандары жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытында кітап оқуға шақырды. Сөз соңында жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, кеңінен жауап алып, өзара еркін пікір алмасты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button