Новости

Шымкент: Әскери-патриоттық тәрбие – отаншылдық кепілі

Қаратау ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Болашақ” жоғары колледжінің студенттерімен «Ел тірегі — қуатты жастар» атты әскери-патриоттық іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты — жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, қоғамның дамуына, азаматтың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, жастардың әскери іске қызығушылығын арттыру. Елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту. Әскерге деген ынтасын ашу.

Аталмыш шара аясында коледж студенттерімен қару-жарақты шашып-жинау және граната лақтыру ереже жаттығулары айтып түсіндірілді.

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру – мемлекеттің өміршеңдігіне әсер ететін негізгі рухани тірегі бола отырып, қоғамның дамуына, азаматтың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, жастардың әскери іске қызығушылығын арттыруға негіздейтін маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жастар ел өміріне белсенді араласып, азаматтық қоғамның дамуына және елімізді табысты жаңғыртуға септігін тигізуде. Елімізде Қазақстан жастарының бойында отаншылдық рухты қалыптастырып, тәрбиелеуге айрықша көңіл бөлінеді» деген болатын.

Әрбір адамның Отанына деген сүйіспеншілік сезімі, алтын діңгек — ұшқан ұядан басталады. Ата-анасын, бірге өскен бауырларын қадірлеген адам — Отанын да қастерлей біледі. Отан — ұлы ұғым. Осы ұлылықты қорғау жолында ата-бабаларымыз талай қан төгіп, ғасырлар бойы арпалысумен өткен. Сондай үлкен ерліктер арқасында ешкімнің де табанына таптатылмай бізге жеткен кең байтақ жеріміз біз үшін қасиетті және асыл қазына. Сол Отанды біздер қадірлеуге, қастерлеуге тиіспіз. Қазақ: «Керуен басы білікті болса, көлік азбайды, қолбасшы білікті болса, сарбаз тозбайды», — дейді. Осы сөзде үлкен мән — мағына жатыр. Ел басқарып, билік тұтқасын ұстап отырғандар білікті болса халықтың жағдайы ешқашанда жаман болмайды, керісінше қоғамымыз өсіп, өркендейді. Үлкен Аралдан айрылдық. Бала күнімізде ағаштан ағашқа өрмелеп әртүрлі жемістерін теріп жеп мәз болған саялы бақтардан айрылдық. Көп нәрсені жоғалттық. Ендігі жерде қолда бар байлықты ысырап қыла бермей, ата-бабаларымыздан қалған осынау кең — байтақ жерімізді, сары даламызды, тауларымызды, өзен — көлдерімізді көздің қарашығындай сақтап, қорғауымыз керек. Әрбір қазақ азаматы өзінің еліне деген сүйіспеншілігін, ұлтжандылық қасиетін сөзімен емес, ісімен көрсетуге тиіс. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің асыл да, ержүрек ағаларымыз соңғы демі, ақырғы тынысы қалғанша елі, жері үшін шайқасқанда тарихта атымыз қалсын не болмаса үлкен атаққа ие болайық деген жоқ. Туған жердің бір пұшпағын да жауға таптатпаймыз деп бар жандарын салып қорғады. Отан олар үшін ана бейнесімен пара-пар еді. Сондықтан да олардың бойында Отан-анаға деген зор махаббат тұрды. Ал туған жерін қорғау азамат үшін үлкен абырой. Қазіргі таңда біз жастарымызды бұл, сенің далаң, сенің шөбің, сенің жусаның, сенің тауларың деп тәрбиелеуіміз керек. Және де сол ие болып отырған даланың өсіп-өркендеуіне, нығаюына, алдыңғы қатарлы ел болуына күш жұмсау керектігін үнемі жастарымызға айтып отыруымыз қажет.

Қайта жаңғырған ұлттық тәрбиенің маңызды бір бөлігі болып табылатын әскери-патриоттық сана-сезімді жастардың бойында қалыптастыру бүгінгі күннің басты талабы. Осы игі мақсат жолында жұмыс атқару ел болашығының маңызды кілті болып қала бермек.

Еске сала кетейік, Шымкент қаласының тұрғындары бүкіл ел бойынша құрлық, десанттық-шабуылдау және зымыран-артиллериялық әскерлерде мерзімді қызмет өткереді, ал инженерлік мамандықтары бар әскерге шақырылушылар көбінесе бейіні бойынша қызметті таңдайды. 2021 жылғы 1 наурыздан бастап әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату Мемлекеттік қызметтер болып табылатынын және азаматтарға электрондық үкімет порталы арқылы ұсынылатынын атап өту қажет.

Басқа жаңалықтар

Back to top button