Новости

Авиценна медициналық колледжінің студенттеріне қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығы және Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша жастарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мақсаты: Әр түрлі деңгейде улану жағдайларымен төтенше жағдайлардың алдын-алу.

Іс-шара барысында сала мамандары Авиценна медициналық колледжінің студенттеріне қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, төтенше жағдайлардың жұмыс бағыты бойынша экскурсия жасады.

Газ техникалық инспекция бөлімі тарапынан қала әкімінің және қала әкімі орынбасарының хаттамалық тапсырмаларына сәйкес, тұрғындарымен газды пайдалануда қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша үгіт-насихат түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп,  2021 жылы жалпы саны 25 860  дана жадынамалар таратылған болса, 2022 жылдың бүгінгі күнге дейін 42 670 жадынама таратылды. Сонымен қатар, тұрғындардың газ пайдалануда қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша 2 видеоролик БАҚ өкілдерінде және интернет ресурстарында әлеуметтік желілерде (инстаграмм, фейзбук және т.б.) 36 мақала жарияланды және БАҚ өкілдерінің қатысуымен 1 брифинг, арнайы мамандандырылған мекемелердің (ВДГО) басшыларымен 2022 жылы   9 (тоғыз) жиналыс және 2 (екі) тікелей эфир өткізілді. Шымкент қаласы аумағында тарайтын БАҚ-да 14 мақала жарияланған.

2022-2023 жылғы жылыту маусымына алдын-ала дайындық жұмыстарын жүргізу үшін, жыл басында аудан әкімдіктері мен аудан төтенше жағдайлар басқармасы және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ШӨФ басшыларына хат жолданып, жыл соңына дейін кесте бекітілген. Бекітілген кестеге сәйкес, қала тұрғандарына газбен байланысты оқыс-оқиғалардың алдын алу және болдырмау мақсатында газды пайдалануда техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша үгіт-насихат түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

Бұл профилактикалық жұмыстың мақсаты қала тұрғындарының өмірі және денсаулығының қауіпсіздігі және газға деген жауапкершілін арттыру.

Басқа жаңалықтар

Back to top button