Шымкентте көмір қоры жеткілікті

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның мәліметіне сәйкес, мамыр айынан бастап бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласына 154,0 мың тонна көмір тасымалданған (2132 вагон). Көмір тасымалдаушы мекемелердің қоймасында 9,0 мың тоннадан астам көмір бар.Күнделікті қалаға 207-345 тонна көмір келуде (3-5 вагон).
Шымкент қаласының көмірге қажеттілігі 72 мың тонна, Атап айтқанда:
— бюджеттік мекемелерге (білім, денсаулық, спорт, мәдениет, жұмыспен қамту — 4,7 мың тонна) және дербес қазандықтарға («Қуатжылуорталық-3» МКК 1,1 мың тонна ) қажетті 5,8 мың тонна, толық қамтамасыз етілген (100%).
— Қала тұрғындарының көмірге қажеттілігі 66,1 мың тонна, жылу беру маусымына дейін көмір отынымен қамтамасыз етілуі бойынша тұрғын арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
1 тонна көмірдің бағасы 15 100 — 15 300 теңге аралығында.
Бүгінгі күнге көмірмен қамтамасыз ету мәселесі бойынша арыз шағым түскен жоқ.
Шымкент қаласы бойынша ұсынылған өңірлік көмір операторларының тізбесі келесідей:
ЖК «Пернебаев», «Азамат Мунай» ЖШС, ЖК «AVZ — NRADE», ЖК «Куралбаев», ЖК «Arganat», «Алтынколь Терминал» ЖШС, ЖК «Қошжанов», «Vip-M» ЖШС, «РеалТранс-К» ЖШС.
Шымкент қаласындағы 2022-2023 жылғы жылыту маусымы 20 қазаннан басталды. Қазіргі уақытта беру беру барысы штаттық режимде өтуде. «3-Энергоорталық» АҚ-да (ТЭЦ-3) №2, №3 қазандықтар жұмыс істеуде, №1 қазандық резервте, №1, №2 турбогенератор 140 МВт электр қуатын өндіруде. «Қуатжылуорталық-3» МКК-на қарасты 15 қазандықтар мен 17 сорғы станциялар бірқалыпты жұмыс атқарып, жылу өндіруде. 2 дана дербес қазандықтарға қажетті 1,1 мың тонна көмір қамтамасыз етілген.
Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілетін 1987 көпқабатты тұрғын үйлер мен 484 бюджеттік мекемелерге температуралық кестеге сәйкес жылу беріліп жатыр.
Бюджеттік мекемелерге қажетті 4,7 мың тонна көмірге және 655 тонна сұйық отынға толық келісім-шарт жасалған, мекемелердің өтініміне сәйкес тасымалданатын болады.
Қаладағы 4 ауданда, жылу жүйелеріне мониторинг және оперативті жөндеу жұмыстарын атқаратын 9 учаске қызмет етеді, онда 36 бригада жасақталған.
Бұдан бөлек, қала тұрғындары үшін жылу маусымында орын алған ақаулықтарды оперативті түрде жөндеу үшін өтінімдерді қабылдау бойынша диспетчерлік қызмет 24/7 форматта (телефон номерлері БАҚ және әлеуметтік желілерде жарияланған: 44-81-89, 44-82-37) және бірыңғай «I-Komek-109» орталығы да 24/7 форматында жұмыс жасауда.
Жалпы қаланың 2022-2023 жылдардағы жылу беру маусымының барысы қадағаланып, тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылған, күнделікті тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде. Бақылауға алынған.



