Новости

Шымкент: «Бақытты жанұя» орталығы арқылы 600-ден аса азаматша кәсіптің қыр-сырын үйренді

Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығының алаңында өткен баспасөз жиынында Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова баяндады.

  • Шымкент қаласындағы отбасыларды әлеуметтік қолдау жүйесімен тікелей айналысатын бірегей мекеме — «Бақытты жанұя» орталығы. Орталықтың мақсаты – қиын жағдайға тап болған әрбір отбасыға психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек, сонымен қатар, отбасы институтының дамуына жан-жақты қолдау көрсету. Мекеме жалпы 20 бағыт бойынша қызмет алушыларға көмек көрсетсе, биыл жыл басынан қысқа мерзімді тегін оқу курстарынан 600-ден аса ана өткен.

Табыс тауып, кәсібін игеруге қолдау көрсету үшін арнайы тігіншілік, кондитерлік, компьютерлік сауаттылыққа үйрету, шаштараз, SMM, балаларға арналған массаж, маникюр-педикюр, дефектолог-логопед курстары ұйымдастырылған. Кәсіптік тегін оқу курсынан өткен азамтшалар арасында кәсіптің қыр-сырлары туралы ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, «Бизнес бастау» мемлекеттік бағдарламасы аясында он екі ана грант иегері атанды. Өз кәсібін ашқан азаматшаларға құқықтық көмек көрсетілуде, — деді спикер.

Қала бойынша 37 014 адамға (ақпараттық қолдау, психологиялық, медиаторлық, құқықтық кеңес беру, атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру, білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй кезегіне тұру, «Еqov.kz» порталы арқылы құжаттарды тапсыру немесе алу қызметтері, «aleumet.egov.kz» сайты арқылы азық-түлік себеттеріне тіркелуіне және т.б.) қызмет көрсетілді. Ал 527 азаматқа психологтың жеке кеңесі, 381 азаматқа заңгер кеңесі берілген.

Спикердің сөзінше, сонымен қатар қаламыздың әлеуметтік саладағы оң динамикасын аңғарған республикамыздың өзге облыстарынан әлеуметтік сала мамандары арнайы келіп, жұмыс методикасымен танысуда.

– Мегаполисіміздің әлеуметтік саладағы методикасын өзге өңірлерден келіп мамандар үйренуде. Бұл – істеліп жатқан жұмыстың өзгелерге пайдасы тиіп жатса әрине қуанамыз. Аталған басқармаға қарасты он төрт әлеуметтік қызмет көрсететін орталық бар. Халықтың әлеуметтік ахуалын көтеру мақсатында мемлекет тарапынан ұдайы қолдау көрсетіліп, басқармаға қарасты мекемелердің материалдық-техникалық базасы жыл сайын жақсарып келеді, — деді Балмаржан Полатқызы.

Жыл басынан бері Павлодар, Талдықорған, Қызылорда және Түркістан облысының аудандарынан әлеуметтік сала бойынша басқарма қызметкерлері іс-сапармен келіп, «Бақытты жанұя», «Тең қоғам», «Белсенді өмір сүру» мекемелерінің жұмысымен танысқан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button