Шымкентте жыл басынан бері «Белсенді ұзақ өмір орталығы» 14 000-ға жуық зейнеткерге қызмет көрсетті

Қазіргі таңда Шымкент қаласында «Белсенді ұзақ өмір орталығының» екі бөлімшесі бар (1 орталық, 2 бөлімше). Мұнда зейнет жасындағы азаматтар 4 сағат ал, жалғызбасты қарттар 8 сағатқа дейін жартылай стационар жағдайда қызмет түрлерін ала-алады. 2019 жылы орталықта көрсетілетін қызмет түрі 15 болса, қазір олардың саны 31-ге жетті. Физиотерапия кабинеті мен сенсорлық терапиясы, тұз кеніші (солева шахта), АRT терапиясы (сурет салу өнері, саз қолөнері, құмтерапиясы), ерлерге арналған еңбек терапиясы (шеберханасы), караоке зал (ән айту), әсемдік жасару терапиясы және бассейн бар. Орталықта 715-ке жуық зейнеткер арнаулы әлеуметтік қызмет түрін алуда.
Орталыққа келу үшін – жеке кәулік пен зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі мен медициналық картаны толтырсаңыз жеткілікті. Осылайша, құрмет демалысына шыққан азаматтар қоғамдық, мәдени шаралардан да тыс қалмай әлеуметтендіруде және белсенді іс-шаралар жүргізілуде.
Сондай-ақ, Шымкент қаласындағы отбасыларды әлеуметтік қолдау жүйесімен тікелей айналысатын бірегей мекеме — «Бақытты жанұя» орталығы бар. Орталықтың мақсаты – қиын жағдайға тап болған әрбір отбасыға психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек, сонымен қатар, отбасы институтының дамуына жан-жақты қолдау көрсету. Мекеме жалпы 20 бағыт бойынша қызмет алушыларға көмек көрсетсе, биыл жыл басынан қысқа мерзімді тегін оқу курстарынан 600-ден аса ана өткен. Табыс тауып, кәсібін игеруге қолдау көрсету үшін арнайы тігіншілік, кондитерлік, компьютерлік сауаттылыққа үйрету, шаштараз, SMM, балаларға арналған массаж, маникюр-педикюр, дефектолог-логопед курстары ұйымдастырылған. Кәсіптік тегін оқу курсынан өткен азамтшалар арасында кәсіптің қыр-сырлары туралы ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, «Бизнес бастау» мемлекеттік бағдарламасы аясында он екі ана грант иегері атанды. Өз кәсібін ашқан азаматшаларға құқықтық көмек көрсетілуде.
Қала бойынша 37 014 адамға (ақпараттық қолдау, психологиялық, медиаторлық, құқықтық кеңес беру, атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру, білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй кезегіне тұру, «Еqov.kz» порталы арқылы құжаттарды тапсыру немесе алу қызметтері, «aleumet.egov.kz» сайты арқылы азық-түлік себеттеріне тіркелуіне және т.б.) қызмет көрсетілді. Ал 527 азаматқа психологтың жеке кеңесі, 381 азаматқа заңгер кеңесі берілген.



