Қала аумағында заңсыз құрылыстарды анықтау және алдын алу жұмыстары бойынша

Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Нұрдәулет Құрбанбекұлы басқарма тарапынан атқарылған жұмыстары туралы брифингте баяндады.
Жалпы қала аумағында 983 құрылыс объектілерінің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Оның ішінде:
794 құрылыс объектілерінің құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптары орындалған (Басқарма реестрінде тіркелген). 189 құрылыс объектілерінің құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптары орындалмаған (атқарушы техникалық құжаттары жоқ). Басқармамен ағымдағы жылы жалпы 259 құрылыс объектілері бойынша 629 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды (43 387 АЕК – 132 896 707 теңге). Құрылыс сапасына қатысты — 70 құрылыс объектілері бойынша 93 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды (12 777 АЕК – 39 138 091 теңге). Ал, қала аумағындағы заңсыз құрылыстарға қатысты — 189 құрылыс объектілері бойынша 536 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды (30 610 АЕК – 93 758 616 теңге).
Абай ауданы бойынша — 44 құрылыс объектілері бойынша 122 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды (6 648 АЕК – 20 361 293 теңге).
Әл-Фараби ауданы бойынша — 24 құрылыс объектілері бойынша 69 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды (4 845 АЕК – 14 840 767 теңге).
Еңбекші ауданы бойынша — 46 құрылыс объектілері бойынша 127 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды (6 941 АЕК – 21 260 635 теңге).
Қаратау ауданы бойынша — 75 құрылыс объектілері бойынша 218 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды (12 176 АЕК – 37 295921 теңге).
Заңсыз құрылысқа қатысты 13 нысан бойынша сот шешімі шыққан. Оның ішінде 8 құрылыс нысаны бойынша мәжбүрлеп бұзылып орындалған. Қалған 5 нысандарды мәжбүрлеп бұзу бойынша Шымкент қаласының Әділет департаментінің атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі бөлімінде қаралуда. Бұдан бөлек, 2022 жылы жалпы 26 нысанды мәжбүрлеп бұзу туралы Қазақстан Республикасының азаматтық Кодексінің 244 бабына сәйкес сотқа талап арыз берілді. Қазіргі таңда 3 нысанды мәжбүрлеп бұзу бойынша сот шешімі шыққан. Қалған 23 нысан бойынша талап арыздар сотта қаралуда.



