Новости

ШЫМКЕНТ – ДЕМОГРАФИЯСЫ ЖОҒАРЫ ҚАЛА

19 наурызда болатын сайлауда «AMANAT» партиясының тізімі бойынша сайлауға түсетін үміткерлер бүгін Шымкент қалалық перинаталдық орталықта болды. Партия белсенділері – Жанар Бектаева, Әбдез Иманқұлов, Талғат Балтабаев, Тахирбек Нышанбаев және Есенбек Серкебаев перзентхана ұжымымен кездесті.

Жиында партияның Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Жанар Бектаеваның айтуынша, сайлауалды бағдарламада денсаулық сақтау саласына да барынша көп көңіл бөлініп отыр.

– 2021-2022 жылдардағы жоспар бойынша Шымкентте 8 медициналық орталық, репродуктивті медицина институтының филиалы ашылып, позитронды-эмиссионды томография іске қосылды. 18 медицина мекемесінің материалды-техникалық базасы жаңартылды. Алдағы уақытта да осы межеден түспейміз. Бес жылда қаланың медициналық ұйымдарының материалды-техникалық базасын нығайту үшін қаржы бөлінуін, шалғай шағынаудандарда 4 емхана салу жұмыстарын қадағалауға аламыз. Айрықша айтатын жайт, Құдайға шүкір, қаламызда сәби туу көрсеткіші жоғары. Осыған орай 2025 жылы 200 орынды перзентхананы пайдалануға беру жоспарда бар, – деді Жанар Әлібекқызы.

Оған қоса 2026 жылы шетелдік заманауи техникамен жабдықталған, 800 орынды көпсалалы аурухана халық игілігіне берілмек.

Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Басқа жаңалықтар

Back to top button