Новости

«ЕСІКТЕН – ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ ЭКСПРОМТ КЕЗДЕСУГЕ ЖАЛҒАСТЫ

Тұрғындармен экспромт кездесулер – көпшіліктің ойын білеудің тиімді тәсілі. Бүгін де партиямыздың қалалық филилалының Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева бастаған үміткерлер «Есіктен – есікке» акциясын өткізіп, одан кейін ірі сауда орталықтарын аралады.

«Шымкент Plaza» сауда үйінің алдындағы кездесуде азаматтарға «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарлама таныстырылып, онда көрсетілген бағыттар туралы айтылды.

– Үнпарақтармен танысқан жерлестеріміз сайлаудан не күтетінін айтты, енді бірі өз ұсыныстарын да жеткізді. Ал мұндай ұсыныстар мен талап-тілектерді алдағы сайлауда жеңіске жетіп жатқан жағдайда мәслихат мінберінен көтереміз. Жалпы, сайлауалды бағдарламада халықтан жиналған 200 мыңдау өтініш-тілек қамтылғанын айта кетейік. Бұл бағыттағы жұмыстар үгіт-насихат науқанының соңына дейін жалғасады, – деді Шымкент қалалық мәслихаттың депутаттығынна кандидат Жанар Бектаева.

Үміткерлер шымкенттіктерді сайлауда белсенді болып, ел болашағы үшін дауыс беруге шақырды.

Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button