Новости

Шымкент: Шағын бизнес субъектілеріне түскен арыз-шағымдар

Мемлекет басшысының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 Жарлығына сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін бақылау мен қадағалауға тыйым салынды.

Есепті кезеңде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 221 (2021ж. 205) арыз тіркелген, ұжымдық түскен арыздар бойынша Қала әкімінің өкімін шығару арқылы 23 (2021ж. 24) субъектіге тиісті тексеру жүргізіліп, 198 (2021ж. 181)  арыз-шағым бойынша бекіткен. Алгоритмге сәйкес тиісті мекемелерге жолданып түсіндірме берілген. Бұл моратория 2023 жылы жоспарлы тексерулер үшін күшінде қалады, ал шағын кәсіпкерлік субъектілеріне арыз-шағымдар келтірілген жағдайда бақылау шаралары заңдарға сәйкес жүргізілетін болады.

Бүгінгі күні қаланың 991 кәсіпорында еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарына аттестаттау жүргізіліп, 114 кәсіпорында еңбекті қорғау бойынша халықаралық және ұлттық стандарттар енгізілді, сонымен қатар, 1452 кәсіпорындарда өндірістік кеңес жұмыс істеп отыр. Сондай-ақ, 2019 жылы 17 маусымда Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы және Қазақстанның атқарушы органдары арасында «Vision Zero — Нөлдік жарақат» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум жасалған. Атқарылған шаралар нәтижесінде тұжырымдамаға қаламыздағы 70 кәсіпорын қосылды. Бүгінгі таңға, өңіріміздегі 4 кәсіпорынның қызметі декларацияланып, «Сенім сертификаты» тапсырылған. Шымкент қаласы бойынша ағымдағы жылы 1 706 ұжымдық шарт Басқармадан мониторингтен өткізілді.  Қаламызда 24 296 заңды тұлға тіркелген болса, оның 3 848 белсенді жұмыс атқаруда. Белсенді жұмыс атқаратын заңды тұлғаларға шаққанда түзілген ұжымдық шарттың деңгейі 44,33%.

2022 жылға Шымкент қаласында бекітілген жоспарға сәйкес, «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне» электронды еңбек шартын енгізу межесі  3 898 мекеме мен кәсіпорында, жалпы 62 506 еңбек шартын енгізілу белгіленген. Бүгінгі   таңға тиісті жұмыстар атқару барысында барлық   кәсіпорындар мен ұйымдардағы еңбек  шарттарының  электронды  нысанда  жасалуы тұрақты бақылауға алынып, түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде 4 168 кәсіпорында  73 475 еңбек шарттары арнайы жүйеге енгізіліп, бекітілген жоспардың орындалуы 106,9% құрады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button