Новости

«АЛТЫН КҮЗ – 2026»: АУДАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Бүгін «Алтын күз – 2026» мерекесіне орай аудан еңбеккерлерінің ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Жәрмеңкені аудан әкімі Ерлан Төрәлиев аралап көрді.

Жәрмеңкеге кент және барлық ауылдық округтерден 60 автокөлікпен жалпы көлемі 188,3 тонна ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілді.

Атап айтқанда, ақ күріш, асқабақ, шұбат, қымыз, қызанақ, қияр, қырыққабат, сәбіз, жуа, картоп, алма, сиыр және жылқы еті, қызылша, ара балы, балық, қарбыз, қауын, құрт және басқа да ет-сүт өнімдері, көкөністер мен мал азығы тұрғындарға ұсынылды. Өнімдер нарықтағы бағадан төмен бағамен сатылып, тұрғындардың жоғары сұранысына ие болды.

Аудан әкімі жәрмеңкеге келуші тұрғындармен пікірлесіп, сауда сөрелеріндегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қолжетімді бағасына назар аударды.

 

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар

Back to top button