BasNewsЖаңалықтар

Бұрынғы сүйіктісінің тамағын кесіп жіберген талдықорғандық ұсталды

Әлеуметтік желілерде Талдықорғанда бұрынғы сүйіктісіне шабуыл жасап, тамағын кесіп жіберген 35 жастағы ер адам үйіне шығарылды деген ақпарат тарап жатыр. Ақпаратқа қатысты полиция пікір білдірді, – деп хабарлайды basnews.kz.

Бұқаралық ақпарат құралдары мәліметінше, ер адам қайтадан босатылған.

Алайда облыстық Полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды. Олардың айтуынша, күдікті уақытша ұстау изоляторында.

«Полиция қызметкерлері 27 жастағы қызға шабуыл жасаған күдіктіні анықтап, ұстады. Оған қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды. Күдікті Талдықорған полициясының уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Жетісу облысы ПД өкілдері.

Құқық қорғау органдары істі «Суық қарумен жасалған бұзақылық» бабынан «Кісі өлтіруге оқталу» бабына қайта саралағаннан кейін ол бірден қамауға алынған.

«Алғашында оқиғадан кейін ол Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 128-бабы бойынша уақытша ұстау изоляторына қамалды. Екі күннен кейін қалалық сот оған қатысты үйқамаққа алуды санкциялап, босатылды. Кейінірек полиция мен прокуратура бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтініш берді, содан кейін ол қайтадан уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп түсіндірді ведомство.

Back to top button