Жаңалықтар
Шығыс Қазақстан Тәуелсіздіктің мерейтойын қарсы алуға дайындалуда

Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығын мерекелеуге дайындық басталды. Мемлекеттік мереке қарсаңында қала ғимараттары мен LED-экрандарда мерекелік безендіру жұмыстары жүргізілуде.
Қаладағы LED-экрандар мен өзге де нысандарда еліміздің Тәуелсіздігіне арналған тақырыптық бейнелер орналастырылды.
Мерекелік безендіру тарихи датаның маңыздылығын айқындап, қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлауға бағытталған.
Айта кетейік, 16 желтоқсанда Қазақстанда Тәуелсіздік күні атап өтіледі. Биыл Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жариялағанына 35 жыл толады.



