Жаңалықтар

ӨНЕРКӘСІПТІК ӘЛЕУЕТ – ҰЛЫТАУ ӨҢІРІНІҢ БАСТЫ БАСЫМДЫҒЫ

Ұлытау облысы – Қазақстанның маңызды өнеркәсіптік өңірлерінің бірі. Аймақтың тау-кен өндірісі мен металлургия салаларындағы әлеуеті ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосып келеді.

 

2026 жылғы қаңтар–қыркүйек айларында облыстағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1 663 миллиард теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібінің үлесі жалпы өнеркәсіп өндірісінің 67,9 пайызын құрады.

 

Жезқазған мен Сәтбаев қалаларындағы металлургиялық кәсіпорындар, Қаражал қаласындағы тау-кен өндірісі өңірдің экономикалық тірегіне айналған.

 

Бүгінгі басты міндет – табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, шикізатты терең өңдеу, заманауи технологияларды енгізу және өндірістің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

 

Өнеркәсіпті дамыту мен табиғи байлықты ұтымды пайдалану қатар жүргенде ғана тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізуге болады.

 

Өндірісі өркендеген, табиғаты қорғалған Ұлытау – болашаққа бағытталған өңір!

 

#ҰлытауОблысы #Өнеркәсіп #Металлургия #ТабиғиРесурстар #ЭкономикалықДаму

Басқа жаңалықтар

Back to top button