Биыл елордада 115 көше жөнделеді

Астана әкімдігі ҚазАқпарат сауалына жолдаған жауабында биыл жөндеуден өтетін көшелердің тізімін ұсынды, деп хабарлайды BasNews.kz.
«Биыл 115 көше жөнделеді. Қаланың ескі бөлігі мен тұрғын үй алаптарына баса назар аударылады», – деп жазылған жауапта.
Сонымен жөндеу жүргізілетін жолдардың тізіміне әр түрлі санат бойынша мына көшелер еніген:
Ағымдағы жөндеу:
– көктемгі су тасқыны кезеңінде 37 көшеде асфальт-бетон жабынына жөндеу жүргізілді,
– қар еріп, жер жібігеннен кейін асфальт-бетон қоспаларын қолдана отырып, 40 көшеде шұңқырларды жөндеу жүргізілді. Тағы 17 учаскеде жұмыстар жалғасып жатыр,
– Мәңгілік Ел даңғылының Триумф аркасынан Орынбор көшесіне дейінгі бөлігінде, Қарасай батыр көшесінің Аспара көшесінен Біржан сал көшесіне дейінгі бөлігінде, Тілендиев даңғылының Ш.Бейсекова көшесінің қиылысы, Сығанақ көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Сауран көшесіне дейінгі бөлігінде, Игілік көшесінің Гоголь көшесінің қиылысы, Тәуелсіздік даңғылының Нәжімеденов көшесінің Байтұрсынов көшесіне дейінгі бөлігінде жөндеу жұмыстары аяқталды.
Осы санаттағы мына нысандарда жөндеу енді басталуы керек:
Арай көшесі Сарайшық көшесінен Жауқазын көшесіне дейін;
Сығанақ көшесі Ш.Айтматов көшесінен Арыс көпіріне дейін (М3);
Бараев көшесі Қараөткел (Рамстор) көпірінен Уәлиханов көшесіне дейін; Уәлиханов көшесі Бараев көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін;
Түркістан көшесі Сығанақ көшесінен Керей-Жәнібек хандар көшесіне дейін;
Ш.Қалаяқов көшесі Ж.Нәжімеденов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін;
Ә.Бөкейхан көшесі Керей-Жәнібек хандар көшесінен №23 көшеге дейін;
Жұмабаев даңғылы Б.Момышұлы даңғылынан Р.Қошқарбаев даңғылына дейін;
Абылайхан даңғылы Пушкин көшесінен Манас көшесіне дейін;
Есенберлин көшесі Жеңіс даңғылына дейін;
Абай даңғылы Республика даңғылынан Пушкин көшесіне дейін;
Тұран даңғылы Керей-Жәнібек хандар көшесінен айналма жолға дейін;
Республика даңғылы Гете көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейін;
Балқантау көшесі Төлебаев көшесінен Жұмабаев көшесіне дейін;
Тілендиев даңғылы Күмісбеков көшесінен Баршын көшесіне дейін.
Әкімдіктің ақпараты бойынша 12 аялдама алаңында абаттандыру жүргізілген.
11 көшеде жұмыстар жалғасып жатыр:
– Малахов көшесі Р. Дүйсенбаев көшесінен Сусамыр көсіне дейін;
– М.Төлебаев көшесі Б.Момышұлы даңғылынан Р.Қошқарбаев даңғылына дейін;
– М.Горький көшесі Ж.Жабаев көшесінен Т.Мұсабаев кшесіне дейін;
– Түркістан көшесін Ұлы дала даңғылынан Керей-Жәнібек көшесіне дейінгі жүру бөлігін кеңейту;
– Фахд бен Абдул Азиз көшесі Ақан Сері көшесінен Ш. Бейсекова көшесіне дейін;
– М. Шоқай көшесі 31-ден 45-үйге дейін;
– Перне көшесі А. Үлімжіұлы көшесінен Кербезқыз көшесіне дейін;
– Қамысты көшесі Қамысты көшесіненАрқарлы көшесіне дейін;
– Арқарлы көшесі Чехоев көшесінен бастап Көксеңгір көшесіне дейін;
– Бозшолақ орамы, М. Шоқай көшесінен Бірімжанов көшесіне дейін;
– Ақтоған тұйық көшесі М. Шоқай көшесінен тұйыққа дейін.
Бірінші шілдеге дейін орташа жөндеу жұмыстары аяқтау жоспарланған 27 көшенің тізімі мынадай:
М.Төлебаев көшесі Б. Момышұлы даңғылынан Р. Қошқарбаев даңғылына дейін;
Горький көшесінің тұйыққа дейінгі бөлігі;
Ақбұлақ өзені арқылы өтетін көпір Иманов көшесінен Мұңайтпасов көшесіне дейін;
Ә.Бөкейхана көшесі № 29 көшеден №31 көшеге дейін;
Қошқарбаев даңғылындағы жол айрығы Абылайхан даңғылына дейін;
А.Иманов көшесі А. Янушкевич көшесінен Ш.Уәлиханов көшесіне дейін;
Жетіген көшесі Досмұхамедұлы көшесінен Алаш көшесіне дейін;
Жеңіс даңғылы Бөгенбай батыр даңғылынан І.Есенберлин көшесіне дейін.
Сауран көшесі Сығанақ көшесінен Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін;
Мұғалжар көшесі Керей, Жәнібек хандар көшесінен Қоңырөлең көшесіне дейін;
Г. Әлиев көшесі Тоқпанов көшесінен Белжайлау көшесіне дейін;
«Жұлдыз» балабақшасына өту жолы Е.Брусиловский көшесінен А.Жұбанов көшесіне дейін; Қобыз көшесі Өзбекәлі Жәнібеков көшесінен Сарын көшесіне дейін,
Амантоғай көшесі Ұлытау көшесінен Көктал көшесіне дейін; Арқалық көшесі 48/1 Арқалық көшесіне дейін,
Абайдың 150 жылдығы көшесі (Қаражорға көшесінен бастап),
Көктерек көшесі Оқжетпес көшесінен Орда көшесіне дейін;
Ойыл көшесі Арқарлы көшесінен Ойыл көшесіне дейін;
Талапкер көшесі Қарталы көшесінен Медеу көшесіне дейін;
«Сәлем базарының» жолы;
Е312 көшесі Омаров көшесінен тұйыққа дейін;
Бараев көшесінің Республика даңғылына оң жақ бұрылысы;
Наурызым тұйық көшесі 21/1 үйден 34/2 үйге дейін;
Майқайың көшесі мен №351 көшенің Дауылпаз көшесіндегі тұйыққа дейінгі бөліктрі; «
«Шерқала» тұрғын үй кешенінің кіреберісі; Сарыкөл көшесі Балқантау көшесінен Айнакөл көшесіне дейін.
«Былтыр 170-тен астам көше жөнделді. Ол кезде қаланың ескі бөлігі мен тұрғын үй массивтеріне баса назар аударылған болатын», – дейді әкімдік өкілдері.



