BasNewsЖаңалықтар

Алматыда «дельта-штамын» жұқтырушылар легі күрт артты

Алматыда «дельта штамм» инфекциясы деңгейінің күрт артқаны тіркелді, деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мәлімдеді.

Қалада соңғы 10-14 күн ішінде инфекция деңгейінің «көлденеңінен» көтерілуі байқалды. Егер басында «дельта штамм» жалпы ауру жұқтырылғандардың 23% -ын қамтыса, бүгінде бұл көрсеткіш 78% құрайды. Егер басында тәулігіне 144 ауру жұқтыру дерегі тіркелсе, бүгінде ол 305-ке жеткен. Бүгінгі күндері ауру жұқтырғандардың көпшілігі белгісі барлар, ал симптомы білінбейтіндер не-бары – 23 адам, – деді ол.

Әкім орынбасары қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты азаматтарды вакциналауға шақыру маңызды екенін де баса айтты.

Әйтпесе, Алматыда инфекцияны жаппай жұқтыру ауқымы өте қиын жағдайға апарып соқтырады, – деді Ержан Бабақұмаров.

Басқа жаңалықтар

Back to top button