BasNewsЖаңалықтар
Танымал режиссер Сатыбалды Нарымбетов өмірден өтті

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер, сценарист және актер Сатыбалды Нарымбетов 75 жасында өмірден өтті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Қайғылы хабарды Мәдениет министрлігі өкілдері растады. Министрлік мәліметінше, Сатыбалды Нарымбетов бүгін, 8 шілдеде таңертең өмірден өткен.
«Құрманғазы» атты деректі фильміне (1972 жылы), «Зауал (1981 жылы), «Күзгі бұралаң жол» (1984 жылы) қысқа метражды фильмі, «Ұрын келген күйеу» (1987 жылы), «Созақтан шыққан Гамлет» (1990 жылы), «Көзімнің қарасы», «Жас аккордеоншының өмірбаяны» (1994 жылы), «Омпа» (1998 жылы) және тағы басқа көркем фильмдерге режиссерлік еткен.


