BasNewsЖаңалықтар

Елордада тұрғын үй кешенінде жолаушылары бар лифт құлады

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй кешендерінің бірінде жолаушылары бар лифт үзіліп кетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Елордалық полицейлердің мәліметінше, 9 шілдеде Қабанбай батыр даңғылындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде лифт құлау дерегі бойынша шақыру түскен.

«Күндізгі уақытта 31 жастағы ер адам 16 жастағы қарындасымен бірге лифтімен көтеріліп бара жатқанда, лифті құлап, қабаттар арасында лезде тоқтаған. Зардап шеккендер жоқ. Тұрғындар ауруханаға барудан бас тартты», – деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Тексеру жүріп жатыр, оның нәтижелері бойынша процестік шешім шығады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button